Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 24.03.2017



Cуреттер сөйлейді

Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

  • Астанада

    Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

 Астанада "Қазақ аруы" сұлулық байқауының финалы өтті. Батыс Қазақстан облысының атынан шыққан Нұргүл Асанова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірінші орынды қызылордалық Зухра Сайпи алса, екінші орынға Ақтөбе облысынан Гүлжанат Жұмажанова лайық деп танылды. Ал үшінші орын Қарағанды облысының намысын қорғаған Айгерім Орынбековада.






Конкурсқа Қазақстан қалаларынан 16 ару қатысты. Биыл кастингке 16-22 жас аралығында 600-ден аса қыз қатысқан. "Қазақ Аруы" байқауы Қазақстанда алты жылдан бері өтіп келеді. Байқау жыл сайын наурызда өтеді. Жобаға қатысушылар қазақ тілін жетік білуі тиіс, қазақ халқының әдебиеті, тарихы және салт-дәстүрі салаларында білімі болуы керек. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, барлық қатысушы зияткерлік жағынан ғана емес, шашы ұзын әрі сұлу болуы керек. Әр жылдары бұл конкурста Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергеновалар жеңімпаз атанған.






 


Қазылар алқасының құрамында жобаның продюсері әрі идея авторы Баян Есентаева, тележурналист Айгүл Мүкей, дизайнер Аида Кауменова, тележүргізуші Динара Сәтжан, ақын Қалқаман Сарин, әнші Бүркіт, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, "Қазақ аруы-2016" гран-при иегері Альмира Ахатова, Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов бар. Ал алқа төрайымы ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 418    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 20.03.2017, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2016
    Танымал АЙГЕРІМдер
    25 Қыркүйек 2016
    Ұят қайда, Әсел! (Фото)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31