Cуреттер сөйлейді

Астанада өзенде "қолтырауын" жүр (фото)

  • Астанада өзенде

    Астанада өзенде "қолтырауын" жүр (фото)

 Есіл өзенінде жүзіп жүрген "қолтырауынның" суретін куәгерлер Facebook желісінде жариялады. Осындай ерекше муляждың иесі "қолтырауынның" қалай пайда болғаны туралы айтып берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.



Астанадағы өзенде ерекше нысанның пайда болғанына көп болған жоқ. Ұйымдастырушылар осылайша тұрғындар мен қала қонақтарын таңғалдырайын деген. "Біз кеше кешкісін оны орнатқанымызда, жұрт таңғалып, суретке түсірді. Оны жіберген кезде ол жағалау маңында жүзіп жүрді. Кейбіреулері қорқып, оны тірі екен деп ойлаған, бірақ қатты жақындаған кезде оның небәрі ойыншық екенін аңғаруға болады. Балалар қатты қуанды", - дейді жоба авторларының бірі, жас кәсіпкер Жанболат Маратов. Достарымен ол жағалау маңында катамарандарды жалға беру және басқа да көңіл көтеру істерін ұйымдастырған, оның ішінде осы "қолтырауын" да бар.



Елордалық қолтырауынның ұзындығы 180 сантиметр, ені қолдарымен бірге 80 сантиметр. Оның ішіне алыстан басқару құрылғысы орнатылған. "Біз оны жергілікті шеберден тапсырыс беріп алдырды. Бір жарым ай күттік. Біз балаларға мәдени "әзіл қорқыныш" сыйлайын дедік", - дейді Жанболат Маратов.


"Қолтырауын" катамарандарды тебуге арналған аймақта жүзеді. "Катерлер мен теплоходтар жүзетін аймаққа жіберілмейді, себебі ол кедергі келтіріп не моторға ілініп кетуі мүмкін. Өз аумағында жүзіп, ол келушілерді қуантады", - дейді ол.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 2554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.06.2017, 22:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31