Cуреттер сөйлейді

Астанадағы байдың балалары мекен ететін "мажорлар" саябағы туралы не білеміз? (фото)

  • Астана.

    Астана. "Жастар саябағы".

Астанада жастар арасында "Салта" аталып кеткен саябақты күндіз балаларын жетектеген аналар мекендесе, түнге таман қаладағы ең қымбат автокөлік иелері жиналады. Онда бай балалары бірнеше миллион тұратын көліктері мен қымбат нөмірлерін көрсетіп, түрлі трюктар жасаудан жарысқа түседі.


Астанадағы бұл саябақ күндіз балалардың күлкісімен көңілді. Ал түнде бұл маң көліктердің гуілі ғана естілетін шулы орынға айналады.




Себебі дәл осы жерге қымбат көліктерін көрсетіп, түрлі трюктар жасау және жай ғана бір-бірімен "сырласу" үшін бай балалары ағылады.



Мәселен, мына көліктегі жігіттің астындағы "Bentley"-ді оған әкесі туған күніне сыйлаған.



Бұл көліктердің барлығы тек қана "VIP" нөмірлерді "тағынады".



Мына жас жігіттің айтуынша, көлігінің нөмірінің өзі жарты миллион тұрады.



Жастар бұл жерге тек қана мақтан үшін емес, көңіл көтеру үшін де келеді екен. Мәселен, дрифт деп аталатын тәсіл үшін олар қыруар ақша жұмсайды. Яғни, көлік жылдамдығын максималды көрсеткішке апарып, бір орында түрлі трюктар жасау.


Жастар көлігімен дрифт жасаған соң, автокөліктің қымбат дөңгелектері жарамсыз болып қалады. Он бес минуттан соң мұндай дөңгелекпен жүру мүмкін емес көрінеді.



Астаналық бай-бағландардың тек көлігі ғана емес, үстіндегі киімі де ондаған миллион тұрады. Мәселен, мына жігіт бір пиджагының өзін бір миллион екі жүз мың теңгеге сатып алған.



"Бұл менің сүйікті белдігім. Armani бренді. Небәрі 380 мың теңге тұрады. Мұндай белдік Қазақстанда тек менде ғана бар. Арнайы тапсырыспен қолтырауынның терісінен жасалған", - дейді ол.



Ал Астанадағы ең қымбат түнгі клубта сымбатты жігіттер мен сылқым сұлулар бір түн ішінде бір студенттің жылдық оқу ақысын оп-оңай құрта салады.



Бұл туралы клубтың қызметкері айтып берді.


"Бізге келетін қонақтар 40 мың тендеген үш жүз мың теңгеге дейін жұмсауы мүмкін. Кей кездері тіпті танымал әншілерді де шақырып, демалатындар болады. Олар бір түнде тіптен жарты миллионға дейін төлейді", - дейді ол.


Деректер мен суреттер Еуразия арнасындағы "Басты бағдарлама" бағдарламасынан алынған.


Nur.kz 




Көрілген: 1993    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 18.09.2017, 19:49

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Қыркүйек, 10:59
Мынау сән бе әлде...
2 Тамыз, 21:08
Сөз жоқ...
7 Сәуір, 14:04
Табиғаттың көз жасы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31