Cуреттер сөйлейді

Атасы үнемі аштықта ұстаған бойжеткеннің фотосы Желіні шулатты

  • Атасы үнемі аштықта ұстаған бойжеткеннің фотосы Желіні шулатты

    Атасы үнемі аштықта ұстаған бойжеткеннің фотосы Желіні шулатты

Жапон бойжеткен анорексиядан көз жұма жаздады: 16 жасқа толған оның салмағы небәрі 17 кг. Барлығы осыдан он жыл бұрын басталған, алайда бойжеткен енді ғана өзі туралы бар шындықты жайып салуға бекінген екен.



Жапондық ару ата-әжесінің қолында тәрбиеленген және олардың тарапынан көп зәбір-жапа кешкен. Оны қамқорлығына алған атасы бойжеткенге тамақ жеуге тыйым салған, тамақ жеп отырғанын көрсе ұрып-соғып, ішінен тепкен. Бойжеткеннің ата-әжесінің қолында қанша уақыт тұрғаны, сондай-ақ атасының неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.


Бойжеткен аштықтан көз жұма жаздаған: 16 жасында оның салмағы небәрі 16,8 кг тартқан. Дәрігерлер оны өлім аузынан бірнеше минут бұрын ғана құтқарып қалғанын айтады.


 


Арада он жыл өткеннен кейін ғана бойжеткен өзі туралы бар шындықты әлеуметтік желіде жайып салған: өзінің микроблогында ол өзінің басынан өткен жайтқа тап болғандарға, яғни күштеп аштықта ұстап отырған жандарға үнсіз ғана ажалды күтіп отырмай, тез арада көмек сұрауға кеңес береді.




Бойжеткеннің есімі мен нақты жасы ашып көрсетілмейді. Қазіргі кезде ол өзінің жасына сай қалыпты салмақ жинағаны айтылады. Сондай-ақ, оның туыстары жазаланды ма, әлде жоқ па, ол туралы да деректер жоқ.


Дереккөзі: REP


reactor.inform.kz




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.02.2018, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31