Cуреттер сөйлейді

Әйелдер төсек қатынасын іздеп баратын туристік ел туралы не білеміз?

  •  © bigpicture.ru

    © bigpicture.ru

Кения - романтикалық туризм өте жоғары дамыған ел. Онда европалық егде жастағы әйелдер жас жігіттермен "бірге болу үшін" ақша төлейді деп хабарлайды Big Picture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Атақты суретші Софи Амали Клугарт Кенияның астанасы Момбасқа арнайы бағдарламамен Африка елдерінің нашар тұрмысын көрсетуге барады. қаланы аралап жүрген турист онда жергілікті жас жігіттермен бірге жүрген егде жастағы европалық әйелдерді жиі кездестіреді. Сұрастыра келе, аталмыш елде "романтикалық туризм" жақсы дамығанын түсінген.



Көп өтпей-ақ, суретші өзінің алғашқы кейіпкерін жолықтырады. Луиза есімді әйел Кенияда гид болып жұмыс істейді. Өзі көшіп келген 1997 жылдан бері екі кениялық азаматпен көңіл жарастырыпты.



Луиза жұмысқа енді орналасқанында мұнда тек өзін қанағаттандыру үшін келген әйелдерді көріп шошып кеткенін айтады. "Мен ешқақан олар сияқты болмаймын" деп өзіне уәде де берген екен.



Алайда жергілікті атмосфераға тез сіңісіп кеткен гид әйел уақыт өте өзі де қара нәсілдінің сүйіктісіне айналады. Онымен біраз кездесіп, балалы болған соң Францияға көшіп келген. Бірақ жігітінің басқа біреумен кездесіп жүргенін біліп қойған соң оны үйінен қуып жіберіпті.



Луиза ұлы ер жеткен кезде қандастарына жақын болсын деп, Кенияға қайта оралған.


Мұндағы турист әйелдер көбіне жалғыздықтан құтылып, көңілін сергітіп қайту үшін келеді екен. Ал әлеуметтік жағдайы өте төмен кениялық жігіттер үшін бұл таптырмас мүмкіндік болып көрінеді.


Туристердің көпшілігі Германия, Швейцария, Шығыс Европа мен Ұлыбританиядан келетін бай, толық және егде жастағы әйелдер.



Суретші әйел тілдескен тағы бір әйел Европада қонақүйде жұмыс істейді екен. Ол шын өмірін бір сәт ұмыту үшін осында демалуды әдетке айналдырған. Күйеуі 20 жыл бұрын обыр ауруынан көз жұмыпты. Балаларының екінші әкесі болғанын қаламайтын әйел осылайша, өзін жұбатып жүрген көрінеді. 











Көрілген: 7153    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 17.01.2018, 18:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31