Cуреттер сөйлейді

Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі үш баласымен пәтер жағалап жүр (фото)

  • Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі үш баласымен пәтер жағалап жүр (фото)

    Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі үш баласымен пәтер жағалап жүр (фото)

 Бұдан бір жыл бұрын үш баласының барына қарамастан «Кешью» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен көңіл жарастырып, некеге отырған Дәурен Айдарқұлов елді шулатқан болатын. Үш баласымен жалғыз қалған Баян Әкімжанова бүгінде қалай өмір сүруде?


Баян бүгінде екі қыз, бір ұлын тәрбиелеуде. Ол бала тәрбиесімен қатар қаржы ұйымында жұмыс істеп, қызмет атқаруда.



Ол бүгінде өмірінде болған жағымсыз жайттарды артқа тастап, жаңа өмір бастауға ұмтылуда.




«Ұмытатын екі нәрсе бар: өзіңнің біреуге істеген жақсылығынды ұмыт, біреудің өзіне істеген жамандығын ұмыт», — деп жазған ол желідегі парақшасына.



Ол ел арасында өзі туралы тарайтын қауесеттерге мән бермеуге кеңес береді.





Оның өзінің Instagram парақшасында түрлі ойларын жазып, өмірден түйгендерімен бөліседі.


Баян балаларымен үнемі серуенге шығып, табиғат аясында көптеп демалады. Оны Баянның желідегі парақшасынан байқауға болады.


Сондай-ақ, оның жазбаларына қарап, Баянның Алматыда пәтер жалдап тұрып жатқанын көруге болады. Ол өзінің қалай пәтер іздегенін айтып, жазба қалдырған.


«Көптеген қожайындар үш балалы адамдарға пәтерін жалдауға бермей жатады. Олардың бірі тіпті бұл жақсы емес дегенді де айтып қалған. Қазіргі заманда үш балалы болу, оның ойынша, дұрыс емес. Сіздер мұның неткен бақыт екенін білмейсіздер ғой. Балалар — Алланың аманаты», — деп жазды ол (авт. — материалда желідегі жазбаның үзіндісі қолданылған).


Сонымен бірге ол балаларының әкесі жаңа пәтерге көшу үшін көлігін бермегені туралы да жазды.


«Жексенбі күні біз барлық заттарымызды жаңа пәтерге әкелуіміз керек болған. Жаңа үйге қарай беттедік, екі сағат жүріп, көлігімді тоқтатып, қызымды еміздім. Ол шыдамай кеткендіктен, тоқтауға мәжбүр болдым. Тоқтағаным сол-ақ екен, көлігім қайта оталмай қойды. Мен ондай майда-шүйдеге бас қатырмайтын адаммын. Балаларымның әкесінен көлік сұрап едім, ол да бас тартты. Себебі оның да көлігі бұзылып қалыпты», — деген ол туысындай болып кеткен адамдардың арқасында үш баламен жаңа пәтерге көшіп келгенін айтып, оларға алғысын айтты.



Естеріңізге салсақ, Ақбота Сейітмағамбет бүгінде Дәуренмен бірге тұрмайтынын және оның балаларымен араласуға кедергі болмағанын айтқан болатын. Ал әзілкеш болса, ара-тұра балаларымен серуендеп жүрген суреттерін желідегі парақшасына жиі салып жүр.


Оның суреттеріне қарап, ол өзінің балаларына әжесімен кездесуге рұқсат береді. Алайда оның парақшасында елді шулатқан әзілкеш Дәуреннің суреті табылмады.


«Ер-азаматтар, әйелдердің жүрегін жаулағыларың келсе, бойларыңдағы өтірікті, көзбояушылықтан, жалған сөздеріңнен арылыңдар. Ең дұрысы — болмысыңды алдауға тырыспаңдар!», — деп ол ер-азаматтарға өз кеңесін жазған Баян.


kaz.365info.kz




Көрілген: 7057    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.11.2017, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30