Cуреттер сөйлейді

Егізіңіз бар екенін білесіз бе?

  • Егізіңіз бар екенін білесіз бе?

    Егізіңіз бар екенін білесіз бе?

Әлемде талай қызық бар. Жер бетінде миллиардтаған адам тіршілік етеді. Ал солардың арасында бір-біріне қатты ұқсайтын адамдар жиі кездесіп жатады. Егер сіз сенсеңіз, ғалымдар әлемде сіздің жеті егізіңіз бар екенін алға тартады. Яғни, сізге ұқсас 7 адам әлемнің әр бұрышында өмір сүруде. Біз сіздерге белгілі танымал тұлғаларға ұқсайтын жандар жөнінде айтып көрмекпіз.


Мара Тайген және Анджелина Джоли



Жас америкалық актриса Мара Тайгер әлемдегі ең сұлу әйел саналатын Анджелина Джолиге қатты ұқсайды. Мара да осының арқасында сән әлемінде танымалдыққа ие бола бастады.


Эллинор Хеллборг және Адель



Швецияда тұратын 23 жастағы Эллинор Хеллборг визажист болып қызмет атқарады. Ол "Hello" әнімен әлем жұртшылығының назарын аударған әнші Адельге ұқсайды. Эллинордың инстаграм желісіне салған суреттеріне қарасаңыз, оны расымен де шын Адель деп қаласыз.


Майкл Хиксон және Зак Эфрон



Белгілі америкалық актер Зак Эфрон Рио олимпиадасында суға секіру спортынан чемпион атанған 22 жастағы Майкл Хиксонды көріп, қатты таңғалады. Өзіңізден айнымайтын адамды көргенде, таңғалмасақа шараңыз қалмасы анық.


Макс Кесслер және Адам Сэндлер



23 жастағы Макс Кесслер бірде актер Адам Сэндлердың жаңа бір кинодағы есімі Макс Кесслер екендігін көреді. Бұл жағдай жас Макстың таңданысын туғызды. Себебі, ол танымал актер Адамға өте қатты ұқсайтын еді. Макс әлеуметтік желілерге өзінің нағыз Макс Кесслер екенін параққа жазып, суретін салды. Мұны көрген актер Максты кездесуге шақырды.


Полин Ферран-Прево және Кейт Миддлтон



Көпшілік қыздар қауымы ханшайымға ұқсағысы келетіні сөзсіз. Бұл тұрғыда француздық велосипедші Полин Ферран-Превоның жолы болды. Оны ханшайым Кейт Миддлтоннан ажырату өте қиын.


Бауыржан Джолчиев және Дмитрий Баландин



"Астана" футбол командасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Джолчиев пен суда жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландиннің өзара ұқсастықтарын байқауға болады.


Елдос Жанұзақ және Қайрат Нұртас



Жас әнші Елдос Жанұзақ пен талай хит әндерімен тыңдармандардың жүрегін жаулаған Қайрат Нұртастың ұқсастығын байқай аламыз. Елдостың шаш қойысы да Қайратқа қатты ұқсайды.


massaget.kz


 




Көрілген: 1487    Пікірлер: 0

сенбі, 18.02.2017, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31