Cуреттер сөйлейді

Индонезияда қыздарды не себепті және қалай сүндеттейді? (ФОТО)

  • Индонезияда қыздарды не себепті және қалай сүндеттейді? (ФОТО)

    Индонезияда қыздарды не себепті және қалай сүндеттейді? (ФОТО)

Бүгінгі таңда қыздардың сүндеттелуі жер шарындағы 30 шақты елде таралған, әсіресе, Таяу Шығыс пен Африка елдерінде. Қыздарды сүндетке жатқызатын дәрігерлер мұның себебін түрліше түсіндіреді, бірі діни тұрғыдан айтса, енді біреуі мұны жатырдың қатерлі ісікке шалдығуының алдын алады дейді. Алайда қыз-балалардың өмірін қатерге тіге отырып, мұндай қадамға барудың нақты себебін ешкім дөп басып айта алмайды. Қыздар сүндеттелгеннен кейін өте ұзақ уақытта қалыпқа келеді. Кей жағдайларда мұның салдарынан қатты қан кетуі немесе бедеулікке ұшыратуы әбден мүмкін, тіпті, кейде өте қайғылы жағдаймен аяқталатын кездер де болады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.


Мұхамед (с.ғ.с.) туған күніне орай Джакартадағы 284 отбасындағы қыздардың барлығы сүндеттелу үшін барлық материалды ресурстарды алған. Бірнеше фотоконкурстардың жеңімпазы Стефани Синклер бұл іс-шараға да қатысып, түрлі жан түршігерлік фотосуреттер түсірген.


9 айлық қыз сүндеттелу үшін өз кезегін күтуде.



Ақша алған 284 отбасының қыздары үлкен бөлмеде жиналып, рәсімнің басталуына дейін алдымен дұға жасауда.



Қыздардың бірін сүндеттеуге дайындап жатыр




Қыздарды сүндеттеу рәсімі Азия елдерінің біршамасында кеңінен тараған, мысалы Филиппин, Малайзия және Индонезия. Сонымен қатар БАӘ, Оңтүстік Йемень, Оман және Бахрейн елдерінде тәжірибеден өткізуде. Ал Латын Америкасының Бразилия, Шығыс Мексика және Перу елдерінде қфздарды сүндетке отырғызады екен.


Аударған: Назерке Лабихан


qamshy.kz




Көрілген: 5706    Пікірлер: 0

сенбі, 06.05.2017, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30