Cуреттер сөйлейді

Жаңбырдан көз ашпаған Алматының жағдайы ушыға түсті (фото, видео)

  • Жаңбырдан көз ашпаған Алматының жағдайы ушыға түсті (фото, видео)

    Жаңбырдан көз ашпаған Алматының жағдайы ушыға түсті (фото, видео)

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданын су басып жатыр. Лай басқан су аулалардан ағып өтуде. Тұрғындар өздеріне ешқандай көмек көрсетілмей жатқанына наразы деп хабарлайды NUR.KZ.




Тастыбұлақ шағын ауданы тұрғынының айтуынша, су тасқыны 27 сәуір күні сағат түнгі онда басталған. Арнасынан тасыған өзен, үй арасымен ағып жатыр. Ондағы тұрғын үйлер мен сарайлардың бәрін су басқан.



"Наурызбай әкімдігіне қоңырау шалып, жағдайды баяндадым. Бірақ, көрсетілген ешқандай көмек жоқ. ТЖҚ хабарластым, олар өтінімдерді ғана қабылдап, тағы бір жерге жіберетіндерін айтты. Көмек сұрап, жалғыз мен ғана хабарласпадым, өзен маңында тұратындардың бәрі хабарласқан" - дейді әкімдіктерге наразы алматылық тұрғын.



Наурызбай ауданы әкімдігі бізге бүкіл әкімдік аппараты мен аудан әкімі Сайран Сайфеденовтың өзі көшелер жұмысын қолға алды деп мәлімет берді.




Tengrinews.kz -ке берген мәлімдемесінде, су тасқыны бес өзендегі су деңгейінің көтеріліп кетуінен басталды деген. Олар – Ақсай, Қарғалы және үш кішкентай атауы жоқ өзендер.




"Оларға су тау бөктерінен келіп, Теңісбаев көшесі деңгейінде жиналады", - дейді қажет жұмыстар атқарылғанмен, жаңбырдың жағдайды ушықтырып жатқанын айтқан Сайфеденов.




Оның сөзінше, өзен аңғары тартылмаған: су Елебаев көшесіндегі көпірге "сыймай", жолға шығып кеткен. Салдарынан "Достық" коттеджі қалашығын су басқан.










Көрілген: 3553    Пікірлер: 0

жұма, 28.04.2017, 23:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30