Cуреттер сөйлейді

Жүкті жұлдыздар (фото)

  • Жүкті жұлдыздар (фото)

    Жүкті жұлдыздар (фото)

 Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары көбінесе көз бен сөзден қорқып жүктіліктерін жасырып жатады. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға жақын арада ата-ана атанатын тұлғаларды ұсынады.

Халықтың сүйікті әншісі Маржан Арапбаева біздің редакциямызға берген сұхбатында осы жылдың соңында үшінші рет ана атанатынын айтқан еді. Арапбаеваның сөзінше, ол өзінің жүкті екенін “Инстаграмға” салмай, ешбір жерде білдіртпей жүруге тырысуда. Ал оның екі қызы сәби дүниеге келер күнді тағатсыздана күтіп жүр.


“Әсіресе әпкелері қуанып жатыр. Мама, сәби қашан болады? Қашан сәби дүниеге келеді деп сұрайды. Кішкентай қызым қатты күтіп жүр. Мен оған қараймын, мен оған сүт беремін, мен онымен ойнаймын деп жаңағы ерекше күту үстінде”, – дейді әнші.



Екі-үш айдан соң, Маржан Арапбаева жақсы жаңалықпен бөліседі деген ойдамыз.


Өмір мен өнерде жұптары жарасқан Тоқтар мен Бейбіт жақын арада тағы да бір мәрте ата-ана атанады. Жұлдызды жұптың “Инстаграмға” жүктеген суреттеріне қарағанда сәбидің дүниеге келер күні алыс емес. Желі қолданушылары Бейбіт пен Тоқтарға жылы лебіздерін білдіруден бір-бірімен жарысуда. “Бейбіт, аман-есен босанып алыңыз. Тоқтарға бір өзіңізге ұқсаған әдемі қыз сыйласаңыз тамаша болатын еді” деп жазды олар. Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт пен Тоқтардың үш ұлы бар. Осыдан екі жыл бұрын олар Әлинұр мен Сағинұр есімді егіз ұлдарының тойын дүркіретіп тойлап, олардың тұсауын бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен оның досы Бахтиярға кестірткен еді.



Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова мен Дәурен Айдарқұловтың махаббат хикаясы романтикалық үнді немесе бразиль сериалдарынан кем түспейді деуге де болады. 2016 жылы “Гламур для дур” фильміне түсіп, болашақ жары Айдарқұловпен көңіл қосқан Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованы жұрт қатаң сыңның астына алды. Әншінің өзі де БАҚ-қа берген сұхбаттарында тұрмысқа шығамын деп жаман атты болып қалғанын жасырмады. Алайда ол биыл баласының әкесі Дәурен Айларқұловпен қайтадан бас қосты. Олар некелерін 2018 жылы, жаз айының басында ресми түрде рәсімдеген еді. Жақында “КешYou” тобының экс-мүшесі бір брендтің фототүсіріліміне қатысты. Суреттерден Сейтмағамбетованың екінші балаға жүкті екенін байқауға болады.



Алуа Қонарованың қос шәкірті Батыр Байназарова мен Әсел Жамақаева тұңғыштарын күтіп жүр. Әсел бұл жаңалықты көпшілікке жариялағысы келмесе де, Алуа Қонарова құпияны “Инстаграмдағы” парақшасында ашып берді.



Әсел Жамақаева көз бен сөзден қорықса, оның экс-топтасы Айдана жақсы жаңалықты жұрттан жасырудың қажеті жоқ деп санайды. Биыл алғаш рет ана атанған әнші екінші сәбиін күтіп жүр. Естеріңізге сала кетейік, Айдана Мәлік 2017 жылы Әнуар есімді азаматпен бірге шаңырақ көтерген. Тойға Айдананың өнердегі әріптестері: Диас Абылаев, Санжар Мадиев жарымен, Индира Еділбаева, Қайрат Нұртас қатысты.


Жақында блогер Айжан Байзақова Instagram әлеуметтік желісінде ана атанатынын мәлімдеп, қазақстандықтарды таңғалдырды. Алғашында жұрт бұл жаңалықты блогердің әзілі, “хайп” үшін жасалған дүние деп ойлады. Алайда, Байзақова парақшасында болашақ баласы жайлы сөз қозғап, сторизге жүкті екенін көрсететін видео салған соң, көпшілік оны қуанышымен құтықтады.Әріптестері жылы лебіздерін жеткізді. Ал вайнер Нұрлан Батыров Байзақованың кімнен жүкті екенін білетінін мәлімдеді.



 




Көрілген: 1792    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 01:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31