Cуреттер сөйлейді

«Қазақ хандығы» фильмінің эпизодтары түсірілген Жаркент мешітіне БАҚ өкілдері арнайы барды

  • «Қазақ хандығы» фильмінің эпизодтары түсірілген Жаркент мешітіне БАҚ өкілдері арнайы барды

    «Қазақ хандығы» фильмінің эпизодтары түсірілген Жаркент мешітіне БАҚ өкілдері арнайы барды

"Қазақ хандығы" фильмінің эпизодтары түсірілген Жаркент мешітіне БАҚ өкілдері арнайы барды. Көпсериялы фильмде Моғолстанның билеушісі Есенбұғаның сарайы ретінде түсірілім жұмыстары осы мешітте жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мұражай қызметінің мəліметінше, түсірілім 2015 жылдың күз жəне қыс мезгілдерінде жүргізілген.



130 жылдан астам тарихы бар "Жаркент" мешітінде бұған дейін де түрлі фильмдер түсірілген. Мәселен, "Эпизод", "Год дракона","Атаманның ақыры" сынды туындыларды атап өтуге болады. Мешіттің іргетасы 1887 жылы қаланған. Құрылыс жұмыстары бес жыл жүргізілген. Оның салынуына ұйытқы болған ұйымдастырушы сол замандағы ауқатты саудагерлердің бірі - Ахун Юлдашев. Ал мешіт қытайлық сəулетші Хон-Пиктің жобасы бойынша салынған. Жəне бұл нысанның қалануына халық қаржыны өздері жинаған. Бір де бір шегесіз салынған "Жаркент мешіті" бүгінгі таңда сəулет-көркемөнер мұражайына айналған. Қабырғаларында құран сүрелері жазылған нысанға келуші туристер саны да жыл санап өсуде. 1982 жылдан 1918 жылға дейін бұл мекеме мұсылмандардың мешіт медресесі болған.



Айта кету керек, Алматы облысының əкімдігі жəне облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі блог тур ұйымдастырды.



Шараға республикалық жəне облыстық БАҚ өкілдері, мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметкерлері жəне блогерлер қатысуда. Екі күнге жалғасатын іс-сапар Ұйғыр жəне Панфилов аудандарында жалғасады. Аясында қатысушылар түрлі нысандардың жұмысымен, маңыздылығымен танысады. Автор: Самал Қабышева Басты сөздер: Алматы облысы, Мәдениет,








Көрілген: 1406    Пікірлер: 0

сенбі, 25.03.2017, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30