Cуреттер сөйлейді

Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «25 жыл – Ел тәуелсіздігін қорғауда!» атты мерекелік концерт өтті

  • Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «25 жыл – Ел тәуелсіздігін қорғауда!» атты мерекелік концерт өтті

    Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «25 жыл – Ел тәуелсіздігін қорғауда!» атты мерекелік концерт өтті

Елорданың «Қазақстан» орталық концерт залында Отан қорғаушы күні мен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.




Еліміздің Қарулы Күштерінің мерейтойы бұл барша Қазақстан үшін атаулы оқиға. 25 жыл ішінде қазақстандық армия қалыптасу мен дамудың даңқты жолынан өтті.




Атаулы күнге арналған мерекелік концерт ҚР ҚК әскери қызметшілерінің үздік жетістіктерін, олардың жауынгерлік рухы мен патриотизмін көрсетті. Бағдарламаға ҚР Қарулы Күштері мен әскер тектерінің барлық түрлері әскери бөлімшелерінің үздік шығармашылық күштері, сондай-ақ республикалық «Жас ұлан» мектебі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, орталық ансамбль мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі, өңірлік қолбасшылықтардың, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, десанттық-шабуылдау әскерлері мен Кадет корпусының көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты.

Мерекелік бағдарламада қазақстандық армияның жетістіктері, фольклорлық музыканың жауһары шырқалды. Сондай-ақ көрермендерге әртүрлі замандағы батырларды еске алуға арналған арнайы хореографиялық композиция көрсетілді.





Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындаған домбырашылардың құрама ансамблі жарқын өнерлерін паш етті. Ансамбль құрамында өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілері, ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері. Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Зымыран әскерлері мен артиллерия, «Оңтүстік», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскери қызметшілері армиялық попурриді өзінше орындады. Олардың орындауында «Сарбаздар», «Барлаушылар әнұраны», «Байланысшылар», «Артиллерияшылар маршы», «Шығыс» және «Тәуелсіз Қазақстан» әндері шырқалды.





Александров атындағы Ресей армиясы ансамблінің, Қытай Қорғаныс министрлігінің Ван Лида ән-би ансамблі, Азамат Желтіргөзовтың Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі жетекші солистерінің музыкалық құттықтауы концерттің көркін қыздырды.





Нөмірлердің қойылымдары әртүрлі әсерлі және көзтартар элементтерге толы болды. Онда іс-шараның ауқымдылығы мен атап өтіліп жатқан датаның маңыздылығы байқалып тұрды.

 




Көрілген: 3905    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.05.2017, 22:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31