Cуреттер сөйлейді

Қазақстандағы ең беделді адамдардың күйеу балалары

  • ФОТО: MINIMAGAZINE.KZ

    ФОТО: MINIMAGAZINE.KZ

Әр ата-ана қызын сенімді, өзінің көңілінен шығатын жанға күйеуге бергісі келеді. Қазақстандағы танымал шенеуніктер мен бизнесмендер де қызына қамқоршы, қорғаушы бола білетін күйеу бала іздейді. NUR.KZ  порталы еліміздегі беделді билік және бизнес өкілдеріне күйеу бала болып жүрген жандарды назарларыңызға ұсынады.


Тимур Құлыбаев



Тимур Құлыбаев - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның жары. Қазақстандағы мұнайгаз және энергетика секторындағы кәсіпорындардың басын біріктірген Kazenergy ассосациясының төрағасы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы.


Бейбіт Әлібеков



Бейбіт Әлібеков - бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың қызы Данна Қарағұсоваға үйленген. Ол - қазақстандық медиаменеджер, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушы, First Media Group медиахолдингінің басшысы.


Ғалымжан Есенов



Ғалымжан Есенов - Алматының бұрынғы әкімі, қазіргі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтың күйеу баласы. Белгілі ғалым Шахмардан Есеновтің ұлы - қазақстандық банктің иесі, жеке кәсіпкер.


Кеңес Рақышев



Кеңес Рақышев Қазақстанның Ресейдегі елшісі, саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің қызын алып отыр. Табысты кәсіпкер Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарында жетінші орында.


Шоқан Маратұлы



Шоқан Маратұлы - белгілі бизнесмен Райымбек Баталовтың қызы Анельмен жақында ғана некелесті. Оның қайын атасы да Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің бірі.


Өркен Есей



Өркен Есей - Ахметжан Есімовтің үлкен қызы Ғалияның жары. Қазір ол - ОҚО мәслихатының депутаты.


Рахат Тұрлыханов



Рахат Тұрлыхановтың әйелі Жәмилә Әбілова – танымал саясаткер, меценат әрі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы. 2000 жылдардың басында Рахат Тұрлыханов әнші ретінде танымал болатын. Шығармашылық мансабын тоқтатқан Рахат саясатқа араласып, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісінің үшінші хатшысы және Ұлттық экономикалық палатада жастардың кәсіпкерлік департаменті директоры қызметтерін атқарды.


Айсұлтан Назарбаев



Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев "Сандхерст" корольдік әскери академияны бітіріп, бүгінде "Қазақмыс" корпорациясында жұмыс істейді. Оның әйелі Әлима Боранбаева - "Қайрат" футбол клубын бақылау кеңесінің төрағасы, Қайрат Боранбаевтың қызы. 




Көрілген: 5589    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 05.07.2017, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек, 10:59
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз, 21:08
    Сөз жоқ...
    7 Сәуір, 14:04
    Табиғаттың көз жасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31