Cуреттер сөйлейді

Қыздарға силиконнан қорқудың қажеті жоқ – Instagram-дағы ең сұлу қазақ қызы (фото)

  • Қыздарға силиконнан қорқудың қажеті жоқ – Instagram-дағы ең сұлу қазақ қызы (фото)

    Қыздарға силиконнан қорқудың қажеті жоқ – Instagram-дағы ең сұлу қазақ қызы (фото)

 Ол сүйкімді, тартымды және Қазнетте ең көп сөз болатын сұлу болумен қатар, өз атынан ең көп жалған парақшалар ашылған арулар тізімінің көшін бастап тұр.

Сіз оны барлық жерден көре аласыз. Мысалы, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жүздеген қыздар өз суретінің орнына оның суреттерін қояды.

Неліктен ол тек жас жігіттердің тарапынан ғана емес, нәзік жандылар арасында да ерекше қызығушылыққа ие? Қалайша камера алдында жалаңаштанбайтын, өзі туралы оңды-солды айтып, «атың шықпаса жер өртенің» кейпіне енбейбін сұлу, Insta-кеңістігіндегі Айжан Байзақова сынды «шеберлерге» бәсеке туғызуда?

Бұл сұрақтардың жауабын 21 жасар бойжеткен Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты.



- Адина, Инстаграм желісіндегі 300 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Барлығы неден басталғаны туралы айта отырсаң?


- Барлығы 2015 жылы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен бастау алған. Сол кезде «Алматының сұлу қыздары», «Үздік қыздар» және т.б сол сияқты әртүрлі топтар танылмал болатын. Ол топтардың аудиториясы ауқымды еді: 10 мың адамнан басталатын.

Бірде осы топтардың біріне біреу менің суретімді жүктепті. Ол кезде мен университетте сабақта отырғанмын. Телефонымды қолыма алып, тіркелушілер мен лайктер саны минут емес, секунд санап артқанын таңғала бақылап отырдым. Бірнеше уақыттан соң, олар сол кездегі хитке айналған менің ашық көйлек киіп түскен суретімді салғанын білдім.



Сонда ғана мен танымалдылықтың кілті неде екенін түсініп, сондай бағыттағы назар аудартатын, еліктіретін фотосуреттерді сала бастадым.

- Біздің білуімізше, сенің оқырмандарың екі бөлікке бөлінген: бірі сені мақтап, аспандағы айға теңесе, келесісі қатты сынайды. Сені көптеген адамдар қай уақыттан бастап сөз қыла бастады?


- Адамдар 2 санатқа бөлінеді. Біріншісі өз өмірімен өмір сүріп, ешкімді сөз қылмайды. Оларға бәрібір. Мүмкін, олар өмірден жалыққан шығар немесе сол өмірде жолдары болмаған. Дәл осындай санатқа мені қазақ қызының келбетін масқаралады деп сынайтындарды жатқызамын. Басында маған ауыр болды, осы сынды пікірлер көңіліме қаяу түсіретін. Кейін үйрене бастадым. Күресуді үйрендім, және қалыпты жағдай ретінде қарайтын болдым. Жағымсыз пікірлер де болмаса, танымал болу мүмкін еместігін түсіндім. Егер танымал болғың келсе, бұл жолдармен өтуің керек.



- Соншалықты анайылығы жоқ мұндай сүйкімді қызды кейбіреулер неге бір сәтте жек көре бастады?


- Бұл бір тарих. Instagram желісінде парақшам болған және қазір де бар. Танымалдылығымның артуымен қатар, менің атымдағы жалған парақшалар саны да арта бастады. «ВКонтакте-дегі» сондай парақшалардың бірі әлі күнге дейін жұмысын жалғастыруда. Олар менің ең ашық түскен суреттерімді жүктеп, осы негізде аккаунт жұмысын жүргізуде. Ең қорқыныштысы, ол парақша танымалдылыққа ие болып, адамдар мені соған қарап арсыз деп санайды.

- Қазір жұлдызды инста-қыздар арасында пластикалық хирургия жасату сәнге айналды. Көптеген оқырмандарың сенің де сол жолдан өткеніңе сенімді. Пластикалық ота жасатқаның рас па?


- Жоқ. Шын сөзім. Көпшілгі мені жасатқан деп ойлайды, бірақ олай емес. Мұндай әңгімелердің таралуына менің өте арық болған кездегі ескі суреттерім себеп.



Жалпы бұл жағдай біздің отбасында қалыпты болып табылады. Анам жас кезінде өте арық болған, кейін уақыт өте келе салмақ қоса бастаған. Дәлел ретінде анамның суретін көрсете аламын. Бұл біздің қанымызда бар.

Адамдарға бәрібір ғой. Оларға мені, кеудемді үлкейтті, бөксемдә және басқа жерлерімді жасатып алды деп айту оңай.

- Ал өзің пластикаға қалай қарайсың?


- Менің пластикаға көзқарасым дұрыс. Байзақоваға жасалғандай ұсыныс маған да жасалған.Маған «Сіздің кеудеңізге тиіспейміз, оны үлкейтудің қажеті жоқ, сізде олар толықтай өз орнында» деп айтты. Оның орнына денені липомоделдеуді ұсынды. Яғни, аяқ-қол және әйел денесіндегі өзге де жерлердің майын алып, қалаған жеріңе қосып береді мысалы, бөксеңе дегендей.

Мен келіскен едім. Бірақ анам қарсы болды. Әртүрлі жағдайлар болуы екенін және өмір бойы кемтар жанды баққысы келмейтінін жеткізді. 



- Бірақ сен бір кездері оны жасатасың ғой, солай емес пе?


- Міндетті түрде. Анамды дайындап, көндіре алған кезімде бірнеше жылдан кейін жасатамын деп ойлаймын. Онда тұрған не бар? Көптеген қыздар өздерінің теңін таба алмауда немесе олардың денесінде қандай да бір кемшіліктері бар. Сондықтан бұл осы жағдайдан шығудың тиімді жолы деп ойлаймын.

- Әлеуметтік желілерде Байзақова сияқты ерекше кейіпке ену туралы ойлар болды ма?


- Шынымды айтсам, маған жалаңаш фотосессиялар мен ню стилінде әлеуметтік желіні жүргізуді ұсынған. Мен қарсы болдым. Неге? Шомылатын киіммен суретке түсу бір бөлек, ал арнайы шешінуге қарсымын. Ал кейпіме келсем. Мен сүйкімді достыққа адал қызбын. Бұл барлығына ұнайды. Мені басқа жұлқынған қыз немесе сол сияқты кейіпте ешкім елестете алмайды.

- Модель, актриса, тележүргізуші болу ойыңда бар ма?


- Модель болғым келмейді. Подиумдарда өзімді көрсетуге аса құлықты емсепін. Ал актриса болудан қашпаймын. Тіпті, осыны қатты қалаймын. Сөйлеу мәнерімді шыңдауым керек. Болашақта ұсыныстар болып жатса, неге болмасқа. Бірақ қазірдің өзінде жарнамалық роликтерге түсіп жүрмін. Бұл маған ұнайды, екінші жағынан қосымша табыс.



- Сен ҚазҰУ филалогия факультетін бітірдің. Қазір магистратурада оқып жүрсің. Танымалдылық жолын жалғастырғың келе ме әлде мамандық бойынша жұмыс істейсің бе?


- Мен аударма жасаймын. Бұл - менің қосымша табыс көзім. Жалпы, елде филология саласын дамытқым келеді. Қиын, әрине. Бірақ тырысып көруге болады.

- Қалай ойлайсың, танымал болу үшін міндетті түрде жалаңаштану керек пе?


- Шынында да бұрын солай ойладым. Егер ашық киім кимесең, танымал әрі белгілі бола алмайсың деп санайтынмын. Бірақ әр нәрсенің екі жағы бар. Ол сенің абыройыңа кері әсерін тигізеді, өсек тарайды, сені ешкім жар етіп алғысы келмейді. Онсыз-ақ танымалдылыққа ие болған өзге де қыздар жетерлік.

- Көптеген қыздар жалаңаш түрде суретке түсіп, негізгі мақсаты – демеуші табу немесе жөні түзу адамға тұрмысқа шығып алу екенін ашық түрде айтады. Бұған қалай қарайсың?


- Оларды сынауға хақым жоқ. Тек бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Менің де ондай ашық суреттерім болған. Бірақ оларды желіге ондай мақсатта салған жлқпын. Жай ғана өзім үшін.

Бірақ мені бірінші өмірде көріп, кейін әлеуметтік желілерде көрген адамдар жақсы, дұрыс жолдағы қыз екенімді айтады. Ал мені Instagram арқылы танығандар бұзылған және күллі ұлттың намысын қорлауда деп ойлайды.



- Сенің танымалдылығыңа байланысты ерекше есте қаларлық жағдайлар болды ма?


- Мен «Nissan» дилерлік орталығында жұмыс істедім. Парақшамдағы адамдар қайда жұмыс істейтінімді біліп алыпты. Олар жай ғана мені көріп кету үшін келетін. Клиент кейпінде келіп, шын мәнінде маған қарап отыратын. Мен өз табынушыларымды көздерінен байқаймын (күледі).

Сосын мынадай жағдай болған: парақшама күшіктермен түскен суретімді қойғанмын. Содан кейін жұмыс орныма күшіктерді жібере бастады. Сен барлығының назарында екеніңді, қалаулы екеніңді сезіну өте керемет.

- Ал керісінше, адамдар саған жек көрінішпен қарайтын жағдайлар болды ма?


- "Еуразия" арнасында «Қалаулым» бағдарламасына түскенмін. Ол жерде менің «ВКонтакте» желісінде танымал болған жалған парақшамды көрген қыздар отырған. Солардың маған тап бермесі бар ма? Мен оларға сабыр сақтап жауап бермедім. Олар болса, өз-өздерін бүкіл ел алдында масқаралады. Ал маған ондай деңгейге түсудің қажеті қанша?!


kaz.caravan.kz




Көрілген: 2664    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 29.10.2017, 20:32

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Қыркүйек, 10:59
Мынау сән бе әлде...
2 Тамыз, 21:08
Сөз жоқ...
7 Сәуір, 14:04
Табиғаттың көз жасы

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30