Cуреттер сөйлейді

Махаббат күшімен мүгедек арбасынан тұрып кеткен қыз жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

  • © fishki.net

    © fishki.net

Англия азаматшасы Морган аяғына жасалған сәтсіз отадан кейін пайда болған қиыншылықтар салдарынан емін-еркін жүре алмай қалды. 10 ай бойы мүгедек арбасына таңылған бойжеткен мектеп бітіру кешіне қарсы сүйіктісіне сый жасамақ болып аяққа тұрып кеткен. Қарсы алдынан жүріп келе жатқан аруды көрген жігіт өз көзіне өзі сенбей қалды деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.



10 ай бұрын жасалған операция сәтсіз аяқталғандықтан Морган мүгедек арбасына таңылып қалған.



Алайда, өз қайсарлығының арқасында бойжеткен бұл қиыншылықтарға мойынсұнбады.



Сәтсіз отадан кейін үнемі қасынан табылған сүйіктісіне Морганның алғысы көп. Сол себепті мектеп бітіру кешіне қарсы бойжеткен жігітін таңғалдырмақ болды.



Салтанатты кешке жұбы ретінде баратын сүйіктісін есік алдына өзі шығып күтіп алғанда ер жігіттің әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.



Мүгедек арбасынан тұрып, мектеп бітіру кешіне қарсы жүріп кеткен сүйіктісін көрген жігіттің қуанышында шек болмады.



Бейнежазба бірден тарап, көпшілік көңілін елжіретіп жіберді. Желі қолданушылары қыздың қылығына тәнті болып, өз лүпілдерін аямады. Санаулы күн аралығында бұл видео 12 миллион қаралым жинады.



Батылдық танытқан Морган мектеп бітіру кешінде ханшайым атағына ие болған.




 




Көрілген: 3344    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31