Cуреттер сөйлейді

Омырауын отамен үлкейтіп алған отандық жұлдыздар (фото)

  • Омырауын отамен үлкейтіп алған отандық жұлдыздар (фото)

    Омырауын отамен үлкейтіп алған отандық жұлдыздар (фото)

 Қазіргі таңда өнер иелері пластикалық отаның көмегімен сұлулығын еселей түскенін жасырмайтын болған. Жұлдыздардың арасында қабағын үлкейтіп, бетін тарттыру сәнге айналса, олардың кейбірі кеудесін де арнайы отамен үлкейтіп алған. NUR.KZ порталы назарларыңызға кеудесіне пластикалық ота жасатқан танымал аруларды ұсынады.


Бұл көшті атышулы Айжан Байзақова бастап тұр. Өзінің өнердегі жолын актрисалық бағытта бастаған ару, өткен жылы жұртқа кеңінен танылды.


Отандық бағдарламаға қонаққа келген Байзақова омырауын үшінші өлшемге дейін үлкейткенін жасырмай айтып берген болатын.



Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар да пластикалық отаның көмегіне жүгінетінін көпшіліктен жасырмады.


Актриса өзінің Instagram парақшасында кеудесін пластикалық ота жасатуға шешім қабылдағанын жазды.


Әсел Асқардың айтуынша, бұл ота болашақта бала емізуге де кедергі келтірмейтін көрінеді.



Биылғы жылдың сәуір айында кеудесін пластикалық отамен үлкейткенін Луина да жасырмай жайып салған болатын.


Әнші өзінің жаңа кеудесіне біраз уақыт үйрене алмағанын да айтып берді.



Айта кетейік, бұл тізімде отандық танымал вайнер Карина Өксікбаева да кеудесіне ота жасатқан болатын. Алайда ол өзге әріптестері секілді кеудесін үлкейтпеген.


Оның айтуынша, кеудесінің өлшемі екі түрлі болған. Ана атанғаннан кейін "Юфрейм" вайнері бұл олқылықтың орнын толтырғанын мәлім етті.





Көрілген: 2614    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.11.2018, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31