Cуреттер сөйлейді

Осындай қыздарға жігіттер үйленгісі келмейді (фото)

  • Осындай қыздарға жігіттер үйленгісі келмейді (фото)

    Осындай қыздарға жігіттер үйленгісі келмейді (фото)

 Жиырмадан асқан соң әрбір қызды тұрмысқа шығу туралы ой мазалай бастайды. Кейбірі ерте теңін тауып кетсе, енді бірі «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсынысты ұзақ күтеді.


Психологтардың пайымдауынша төмендегі 5 типтегі қыздарға жігіттер оңайлықпен ұсыныс жасамайтын көрінеді. Сонымен олардың қатарында қандай қыздар бар екенін бірге көрейік.


«Актриса» типтегі қыздар


Жо-о-оқ, бұл жерде мамандықты айтып тұрғанымыз жоқ, «Актриса» деген типке жататын сылқымдарды меңзейміз. Олардың шамадан тыс қылықтары мен жұмбақтары болады. Ол ешкімге ұқсамайтын бір рөлге кіріп алады және оны үнемі өзгертіп тұруы да мүмкін. Ал ер адамның миы салмақ түсіретін ойды ойлағысы келмейді.



«Шығармашылық» типтегі бикештер


Бұл жердегі «шығармашылық» сөзі жұмысқа емес, мінезге байланысты айтылып тұр. Бұндай сұлулар өзінің көзқарасы мен тілегін минут сайын ауыстырғыш болып келеді. Өздері нақты шешім қабылдай алмайды. Мұндай әйелдердің жанында ер адам әрі қарай не болатынын білмейді. Мұндай қылық оның психикасына әсер етіп, мазасын алады.



«Білгіштер» типі


Бұл типтегі қыздар ер адам нені қалайтынын жақсы біледі. Олар жігіттермен қарым-қатынас туралы барлық кітаптар мен тренингтерге қатысқан. Бұндай қыздар кез келген тақырыпта әңгіме айта алады және өзінің пікірі қалыстасқан. Ал осындай қыздармен кездескен ерлер өзінің зеректігіне күмәнмен қарай бастайды. Сондықтан түбінде қашқанды жөн санайды.



«Пьеро» типі


Пьеро, яғни өз өміріне көңілі толмайтын жандар. Барлық өмірі мұн, мүсіні келіспей қалған, мансапта жолы болмаған, тіпті ауа-райына да наразы болып жүреді. Бүкіл өмірін апатия, дипрессиямен өткізеді, бір сөзбен айтқанда өмірін өзгертуге құлшынысы жоқ қыздар. Еркек-психотерапевт емес, қорған болатын адам. Мұндай қызбен араласа бастаған жігіттер бірден құтылуға тырысады екен.



«Тәуелсіз» қыздар


Бұл қыздар жалғыздықтан қорықпайды. Сүйікті адам кездессе қарсы емес, ал кездеспесе жалғыс өмір сүріге де болады деп ойлайды. Тіпті бұл типтегі қыздардың кейбірі үйінде үнемі бір жігітті көруді құп санамайды. Бір жігітпен танысса, болашақта мүмкін бұдан да жақсысы кездесіп қалса… деген оймен жүреді. Бұл қыздар жігіттердің бір рамкадан шықпауын, мінсіз еркектің рөлінде болуын қалайды. Сонымен қатар, сөзінде жалғыздықтың жақсы екенін айтып отырады. Ал жігіттер олардан қорқады.



ikerim.kz




Көрілген: 4102    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.06.2017, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30