Cуреттер сөйлейді

Ресейдегі сұлулық байқауында қазақ қызы жеңіске жетті

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Тегі қазақ қыз "Miss Fashion Russia" сұлулық байқауында "Миссис 2018" категориясында бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сән индустриясында табысты дамып келе жатқан қыздар арасындағы жыл сайынғы сұлулық байқауының ақтық сыны Мәскеуде өтті. 29 жастағы Жанна Есенжолованың тәжін ресейлік пародист Александр Песков кигізді. "Миссис 2018" атағынан бөлек, қыз сұлулық салондары желісіне және үйлену той көйлектерімен айналысатын жас дизайнерлердің сән үйінің келбеті болды.



Жанна Есенжолова байқауға кездейсоқ келгенін және бірден номинациялардың бірінде жеңіске жеткенін мойындады. "Miss Fashion Russia байқауына қатысайын дегенім жоқ. Құрбым қатысу керек болған, бірақ іс-сапарға кетуіне байланысты менен алмастыруымды өтінді. Байқаудың бас продюссеріне бардым, мені қабылдады. Күйеуім соңына дейін бұл туралы білмеді. Жеңілсем айтпаймын, жеңіске жетсем айтармын деген ой болған. Қазір ол біледі және бәрі жақсы", - деді қыз.



Жанна Есенжолова Тверде дүниеге келген. Ресей азаматты. Қыздың бойында қазақтың қаны бар: анасы - қазақ, әкесі - метис (анасы украин, ал әкесі - қазақ). "Алматыны өте жақсы көремін. Бала кезімізде демалыста жиі ұшып келетінбіз, тауға шығатынбыз. Тауларыңызды жақсы көремін! Алматыны өзімнің туған қалам деп санаймын", - деді қыз.



Қазір Жанна мен жұбайы Мәскеуде тұрады. Ерлі-зайыптының екі баласы бар: алты жасар ұлы мен төрт айлық қызы. "Ұлым үш жасынан бастап хоккеймен айналысады. Боксқа да қатысады. Мектепке дайындық үстіндеміз, келесі жылы бірінші сыныпқа барады. Ал қызымыз әлі кішкентай. Ол Лос-Анджелесте дүниеге келген", - деді ол.








 




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

сенбі, 03.11.2018, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30