Cуреттер сөйлейді

Шетелдік ән байқауларына қатысқан қазақ әншілері (фото)

  • Шетелдік ән байқауларына қатысқан қазақ әншілері (фото)

    Шетелдік ән байқауларына қатысқан қазақ әншілері (фото)

 Александр Затаевич «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді...» деген екен. Бұл сөзді атақты композитор бекер айтпаған. Өйткені әу демейтін қазақ жоқ. Дара халықтың топырағынан талабы талайды таңдай қақтырған тума таланттар жаралған, жарала да бермек. Үздіктің де үздігі болатыны сияқты, әншінің де әншісі бар. Даладай кең дауысымен, сазды әуенімен қазақ атын әлемге паш еткен жезтаңдай әншілер – халқымыздың қазынасы іспетті. Қазақтың арғы, бергі тарихында ән айтудан алдына жан салмаған дарындар көп. Сал-серілер ән салғанда дауыстары көрші ауылға дейін естіліп жатқан. Біз қазақ атын арқалап шетел сахнасында ән шырқаған замандастар жайын қозғайық.


Роза Рымбаева



Аты-жөні брендке айналған Роза Қуанышқызы қатыспаған ән бәйгесі аз.


Сопрано дауысты әнші қатысқан байқаулар:


1977 жыл – «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы


1977 жыл – «Гран-при», «Золотой Орфей» фестивалі, Болгария


1977 жыл – «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша


1983 жыл – «Гран-при», «Гала-83», Куба


1986 жыл – «Гран-при», «Алтын микрофон», Түркия Өздеріңіз байқап отырғандай, қатысқан барлық байқауынан Роза Рымбаева бас жүлде алып отырған.


Майра Мұхамедқызы



Париждегі "Гранд Операда" Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі Майра Мұхамедқызының дауысына көптеген шетел сарапшысы таңырқаған.


Сопрано дауысты әнші қатысқан байқаулар:


1988 жыл – Бас жүлде, бүкілқытайлық жас опера әншілерінің «Алтын айдаһар» байқауы, Қытай


1997 жыл – Бас жүлде, халықаралық «Томас Алкайде» байқауы, Португалия


1998 жыл – III сыйлық, халықаралық П.И.Чайковский байқауы, Ресей


1999 жыл – Елена Образцова байқауының арнайы сыйлығы, Ресей


 


Қайрат Түнтеков



Жұлдызы қайта жанбай жүрген Қайрат Түнтековтің дауысы – ән байқауына қатысуға лайық дауыс. Әнші 2010 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен халықаралық "Новая волна" байқауына қатысып, 4-орын алды.


Нұржан Қалжан



"Бұлбұл құсымды" құбылжытып шырқап, ел ықыласына бөленген бұлбұл әнші Қытайдың Шанхай қаласында өткен халықаралық ән байқауына қатысқан. Нұржан Қалжан сұхбаттарының бірінде Польшаға барып, бағын сынап көргенін айтқан.


Алтынай Жорабаева



Кең дауыс иесі, қазақ халқының аяулы қызы Алтынай Жорабаева бірнеше халықаралық байқауға қатысқан. 2003 жыл – Халықаралық «Славянский базар» фестивалінің дипломанты, Витебск 2004 жыл – VIII Халықаралық «Дискавери» байқауының лауреаты, Болгария 2004 жыл – Бас жүлде, «Янтарьная звезда» ән байқауы, Латвия 2005 жыл – «Александрия» ән байқауының лауреаты, Египет 2005 жыл – Орындаушылық шеберліктен әлем чемпионатының екі алтын, екі күміс медалінің иегері, АҚШ, Голливуд


Жанар Дұғалова



Жанар 2014 жылы Татарстанның Қазан қаласында өткен халықаралық Turkvision телевизиялық ән байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.


Луина


Танымал әнші Луина халықаралық байқауларға қатысуға үнемі өтініш беріп жүреді. Ол 2015 жылы Түркияның TV8 телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілген Rising Star Turkey шоуының 4 кезеңіне қатысты. Ағайынды Жүгінісовтер



Өнерлі отбасында дүниеге келген үш жігіт те дарынды. Соның ішінде Рүстем Жүгінісов қатысқан байқаулар: 2005 жыл – 2-орын, халықаралық ән байқауы, Египет 3-орын – ән байқауы, Польша 1-орын – «Зажги свою звезду» ән байқауы, Ресей


Димаш Құдайбергенов



Қазақ атын Қытайда паш еткен Димаш Құдайбергенов жайлы айтпай өте алмаймыз. Сирек кездесетін дауыс иесі Димаштың атағы күн өткен сайын асқақтап, әлемге таралуда. Әнші қытайлық байқаудан бұрын да бірнеше халықаралық байқауға қатысып, топ жарған.


Димаш қатысқан байқаулар:


2013 жыл – Бас жүлде, "Мейкин Азия" халықаралық ән байқауы, Қырғызстан


2015 жыл – Бас жүлде, "Славян базары" халықаралық ән байқауы, Витебск


2015 жыл – "ABU TV song" Азия-Тынық мұхит телефестиваліне қонақ ретінде қатысқан, Түркия


2017 жыл – "I am a singer" тележобасына қатысуда, Қытай


massaget.kz




Көрілген: 1525    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 15.02.2017, 12:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31