Cуреттер сөйлейді

Сіз білмейтін жыныстық қатынас дәстүрлері

  • Сіз білмейтін жыныстық қатынас дәстүрлері

    Сіз білмейтін жыныстық қатынас дәстүрлері

Әлемнің әр бұрышына қоныстанған ұлттар өз салт-дәстүрлерімен өмір сүреді. Осы дәстүрлердің бірі таң қалдырса, бірі жағаны ұстатады.


«Біртүрлі» дәстүрлер мен салттар туралы оқығанда кейбірін түсіну қиын. Ендеше әр елдің жыныстық қатынасқа қатысты салттарын көрелік.

15 жастағы қыздарға арналған үйшіктер



Камбоджаның Ратанакири провинциясында креунг тайпасы өмір сүреді. Жергілікті дәстүр бойынша, 15 жасқа толған жасөспірім қыздар өмірлік серіктерін біртүрлі тәсілмен іздейді екен. Әкелері өз қолдарымен қыздарына үйдің қасынан бамбуктен шағын үйшік салып береді. Оған қызы жігіт әкеліп, жыныстық қатынасқа кез-келген сәтте түсе алады. Болашақта күйеу болғысы келгендер саны шексіз, әрине жар табу оңай емес, мұны тайпа өкілдері жақсы түсінеді. Қанша жігітпен жатса, әйел соншалықты өзіне сенімді, мықты болады деп есептеледі. Осылайша қыз бала нағыз махаббатын тапқанша үйшікті пайдалана алады. Бұл тайпада ажырасу деген атымен жоқ және қыз зорлау деген де болмайтын көрінеді.

Бүгін менікі болады


Непалда бір әйелдің бірнеше күйеуі болуы қалыпты жағдай. Жергілікті заң бойынша, әйел адам ағайынды еркектерге тұрмысқа шығады. Елде халық саны тым көп, егістік, жайылымдық жерлер жетіспейді, сондықтан мұндай отбасында ағайындылар арасында жер телімдері өзара бөліске түспейді. Және бірнеше күйеуге бірігіп отбасын асырау оңай, яғни отбасының материалдық жағына алаңдаушылық жоқ. 1963 жылы мұндай некеге тыйым салынған еді. Бірақ, оған көңіл аударып жатқан ешкім жоқ, күні бүгінге мұндай некелер қатары сиреген емес.




Кіммен жатсам екен…


Индонезия тұрғындары жылына жеті рет «Пон» мерекесін тойлайды. Салтанатты мейрам Ява аралындағы қасиетті таудың етегінде өткізіледі. Онда мерекеге қатысушылар некеде тұрмайтын, танымайтын адамдармен түні бойы жыныстық қатынасқа түседі. Жеті мерекеде де бір адаммен болған қатысушының жолы болады деп есептеледі. Қатысушылар дәстүр жетістік пен байлық әкелетініне сенімді.


Мұндай сорақы салт-дәстүрлер бізге жетпесін, өздерімен кетсін дейік. Өзіміздің ұлттық салтымызға, тыйым, наным-сенімімізге жетер ештеңе жоқ.


kaz.365info.kz


Аяжан Төрехан 




Көрілген: 2356    Пікірлер: 1

жексенбі, 19.02.2017, 21:34

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Қыркүйек 2017
Мынау сән бе әлде...
2 Тамыз 2017
Сөз жоқ...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30