Cуреттер сөйлейді

Ұлының өлімінен кейін сұлулық байқауына қатысқан 60 жастағы әйел жеңіске жетті

  • ©CC0 / jbundgaa

    ©CC0 / jbundgaa

60 жастағы австралиялық Робин Кэннер онкологиялық ауруларды зерттеуге ақша жинау үшін сұлулық байқауына қатысып, жеңіп шықты.


Жақында Сиэтлде "Ms World 2018" халықаралық сұлулық байқауы өтті. Байқауға әлем елдерінен 23 ару қатысты, олардың арасында 60 жастағы Робин Кэннер де бар. Кэннер бірнеше жыл бұрын 22 жастағы ұлынан айырылған. Баласы қатерлі ісікке шалдығып, көз жұмыпты.



Қайғылы оқиғадан кейін әйел онкологиялық ауруларды зерттеуге қаражат жинау үшін сұлулық байқауларына қатысуды ұйғарады.


"Ұлымнан айырылған кезде, түпсіз терең шыңырауға түскендей күйзелдім. Өмірімде ешқашан бақытты сәттер болмайтындай көрінді. Бірақ байқаудың арқасында бойымда сенімділік пайда болып, күш жинадым", — дейді ол.


Робин сұлулық байқауына өтініш берген кезде, басқа конкурсанттар оны кекетіп, "жеңістен үміттенбей-ақ қой" деп те айтқан.


"Жеңбесем де, тырысып көрейін" дедім де, дайындала бастадым", — дейді 60 жастағы әйел.


Байқаудан кейін әділ қазының бірі Робин әдемілігі мен подиумда жүру мәнерімен ғана емес, жан тебірентерлік әңгімесімен де қазылар алқасын тәнті еткенін мәлімдеді, деп жазады ridus.ru.


Робин байқауға қатысу арқылы жақындарынан айырылған әйелдерді жігерлендіргісі келгенін айтты.


Sputnik

 




Көрілген: 2900    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.07.2018, 17:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31