Cуреттер сөйлейді

Ұзын кірпікті жеткіншек жұртты таң қалдырды (фото)

  • Ұзын кірпікті жеткіншек жұртты таң қалдырды (фото)

    Ұзын кірпікті жеткіншек жұртты таң қалдырды (фото)

 11 жастағы Муин Бачонаев Мәскеу қаласында тұрады. 2010 жылы отбасымен Тәжікстаннан көшіп келген жеткіншек Ресейдегі ең ұзын кірпігі бар азамат атанған. Бұл туралы  999stories.comсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Муиннің сөзінше, кірпіктері оған ешқандай ыңғайсыздық туғызбаған. Рекордшы жеткіншек футбол ойнағанды жақсы көретінін айтып, есейгенде футболшы болатынын жеткізген.



Ал баланың 45 жастағы әкесі Заудулло Бачонаев ұлының ерекше кірпіктерін перзентханада байқағанын айтады.


Сол кезде жаңа туған Муиннің көздеріндегі кірпіктер аузына жетіп тұрған екен. Қазір оның ұзындығы 4,5 сантиметрді құрап қана қоймай, күн санап өсіп келеді.



Бачонаев қазір Ресейдің рекордтар кітабына енген. Жақын арада ол әлем бойынша ерлер арасындағы ең ұзын кірпігі бар азаматты басып озуы мүмкін. Ал ғалам рекордшысы Стюарт Мюллердің қасы 6,99 сантиментрді құрайды.



Муин өз кірпіктерінің еш кедергісі болмайтынын айтса, әкесі ұлының ерекшелігімен мақтанады. Медицина тұрғысынан Бачонаевтың жағдайы жақсы. Ақ халаттылар бұл гендік өзгеріс анасының жүкті кезде дәрі қабылдағанына байланысты болған деп есептейді.


Әйелдер арасында ең ұзын кірпіктер Қытай тұрғыны Ю Джянсияға (12, 4 сантиметр) тиесілі.



Ал ер адамдар арасында бұл рекордты Стюарт Мюллер бастап тұр.


NUR.KZ




Көрілген: 943    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 21:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек 2017
    Мынау сән бе әлде...
    2 Тамыз 2017
    Сөз жоқ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30