Баланы басқа отбасыға беру заңға қайшы емес пе?

 Баланы басқа отбасыға беру заңға қайшы емес пе?

Мен бір жігітке алданып қалдым. Ішімде төрт айлық балам бар. Жігітім теріс айналды. Бірақ баланы алдырып тастағым келмейді. Егер сәби сүйе алмай жүрген ауқатты жанұялар болса, ішімдегі баланы берер едім. Менің бұл әрекетім заңға қайшы емес пе, ертеңгі күні жауапкершілікке тартылып жүрмеймін бе? Не істесем болады?
Бұл сұраққа заңгер Кәрібай Тасшабаев жауап береді:
–Ол үшін сіз ең бірінші баланы асырап алуға ниетті отбасын табуыңыз керек. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 84-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша жалғыз ата-анасы немесе екеуі де баланы асырап алуға келісім берген жағдайда балалар асырап алуға жатады. Бұл ретте ата-ананың келісімі нотариалды түрде куәландырылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген кодекстің 87-бабына сәйкес, бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Яғни бала асырап алуға ниетті отбасы сіздің келісіміңізді алғаннан кейін өздері сотқа жүгінуі қажет. Егер олар заңмен белгіленген барлық талаптарға сәйкес келетін болса, онда баланы асырап алуларына беруге болады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 91-бабына сәйкес, бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста