Перзент сүюді армандаймыз

Перзент сүюді армандаймыз

Мен өз басымнан өткен жайларды айтпақпын. Ер адам болсам да жұмыстан қолым босай қалған уақытта газет-журнал қараймын. Тіпті ел-жұрттың мұңы мен шерін жазатын ақпарат беттерін іздеп те оқитын кездерім бар. Мектеп қабырғасында жүргенде өте тентек балалардың қатарында болдым. Тіпті мектептің бірінші атаманы да болған кезінде. Жоғары сыныптың оқушыларының өзі менен қаймығатын. Қыздардың әдеті емес пе, ең тентектерді жақсы көретіні. Соншалықты атайман тентек болсам да мектептің ең үздік оқитынмын. Түрлі олимпиадалардың жүлдесін алып қайтатынмын. Не керек, мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түсіп, әскер қатарына барып қайттым. Қызметке орналастым. Жан-жағымдағы құрдастарымның үйленіп, балалы болып жатқандарына қызыға бастадым. Алайда қызметтің буымен қызық қуып жүре бердім.
Жасым отыздан асса да ешбір қызға шын жүректен ғашық болып көрмеппін. Сонан да болар кеш үйленетін шығармын деп ойлайтынмын. Жасым келген сайын баспана, одан қалса көлік аламын деп алдыма мақсат қойдым. Алайда өмір деген өте қызық екен. Қызмет бабында жүріп бір қызға көзім түсті. Қалай екенін қайдам, сол қыз менің өмірлік жарым болатындай жүрегім алып-ұшып тұрды. Оның жұмыс орнын зерттеп, тауып та алдым. Өзі менімен құрдас болып шықты. Көп уақыт өтпей онымен жақын танысып та алдым. Оны көрмесем тұра алмайтын күйге түсіп, ақыры үйлендік. Жыл өтті жылжып, бірақ біздің ортақ қуанышымыз болмады. Келіншегім менен тығылып та, көзімше де жылап алады. Мен жұбату айтамын. Бір жыл ондай ұзақ та уақыт емес қой деймін. Күйбең тіршілікпен уақыт зымырап өтіп жатты. Біздің асыл арманымыз – сәби сүю бақытын күндіз-түні тілеумен болдық. Арада үш жыл уақыт өтті. Ата-анам мен бауырларым «келіншегіңмен ажырас» деді. Үш жыл аз уақыт емес, біз бір-бірімізге соншалықты қатты бауыр басып қалдық. Шынымды айтсам ол менің жүрегмінің бір бөлшегіне айналып кеткендей.
Оның мөлдіреп тұрған көздерін ештеңемен алмастырмас едім. Үй ішіме үнсіз бас шұлғумен болсам да мұны келіншегіме айтпадым. Үй ішінде осындай әңгіме көбейіп бара жатқан соң, әрі келіншегіме алакөздене бастағаннан кейін өз алдыма бөлек үй жалдап, қалаға кеттім. Жоғары қызметімді де тастадым. Жай жұмысшы болып қалада ел қатарлы өмір кешіп жаттық. Алайда келіншегім өзгере бастады. Үйімізде ұрыс-керіс жиіледі. Балалы бола алмағанымызға мені кіналайтынды шығарды. Үй ішімізден береке кетті, Жарымнан таппаған түсіністікті мен ащы судан іздеп, ішкілікке салынғанымды білмей қалдым. Мен үшін өмір сүрудің мағынасы қалмағандай еді. Жан-жағымдағы жақындарым, тіпті келіншегім де дұшпанымдай көріне бастады. Жолдастарыма барып, мұңымды айтамын. Олар ажырас деп кеңес береді. Ақылымды арақ жеңіп, бірде келіншегіме қол көтердім. Өмірімде бірінші рет оны аяусыз сабадым. Оның жалынып, жыламсыраған көзіне де қарамадым. Талып-жығылып жатса да мән бермедім. Ертеңіне бет-ауызы көнектей болып ол жұмысына кетті. Мен үйде қалдым. Болған жайға байланысты кешірім сұрадым. Үндемеді. Мен де өз қателіктерімді біліп жақ ашпадым. Мені осындай халге түсірген жолдастарыма қатты ренжідім. Келіншегімнің жұмыстан келетін уақытын күттім. Алайда ол келмеді. Телефоны сөндірулі болатын. Жүрегім алабұртып, әр нәрсені ойлап кеттім. Шынымен де ажырасатын сәт келгені ме? Өзімді өмірімде алғаш рет жалғыз сезіндім. Сәбиіміз болмаған күннің өзінде біз қандай бақытты едік. Бір дастарқан басында күліп-ойнап ас ішкен кезіміз, зілсіз әзілдеріміз, біріге көретін фильмдеріміз, тіпті ортақ әуестігіміз есіме оралды. Енді сондай кездер қайтып келмейтіндей сағымға айналып бара жатты. Өзімді өзім кінәлай бердім. Жұмысқа да бармадым.
Келіншегіммен тек 1 апта өткенде барып әрең сөйлесе алдым. Өзінің қатты ауырып тұрғанын айтты. Анасының жанында қалатынын, ажырасатынын, маған енді келмейтінін жеткізді. Меңіреу адамша үнсіз қалдым. Расында да оны қатты ренжіттім. Жолдастарымның алып-қашпа сөздеріне ергенім нағыз ақымақтық екенін түсіндім. Сонда да ақырын күттім. Көңіл-күйім жоқ жұмысымды әрең істеп жүрдім. Арада бір ай өтті. Келіншегіме жиі телефон соғамын. Күн өткен сайын оны сағынып, қадірін түсіне бастадым. Жалғыздан жалғыз ас суым да батпайды. Келіншегім де жағдайымды сұрап бәйек болып қалады. Оның мені шексіз сүйетінін осы бір ай ішінде түсіндім. Маған қанша ренжісе де, бәйек болып қалады.
Алла тағала нәсіп еткен жан жарыңды жаратушыдан өзге айыра алмайды екен. Біз қайта табыстық. Татуластық. Келіншегім менің қателігімді кешірді. Қазіргі уақытта біргеміз. Алайда тән жарасы жазылғанмен, жан жарасы жазылуы қиын екен. Мен оны келіншегімнің жүзінен көріп жүрмін. Баяғыдай еркін емес. Қабағынан кірбің байқалады. Білемін біздің арманымыз біреу ғана. Перзент сүйсек... Ол да болар. Пенделері асыққанмен жаратушы асықпайды деген бар. Тек шыдамдылық, сабырлылық, төзім керек. Бұл менің ғана басымдағы жағдай емес шығар. Құдай өзі бермесе, бала сүюдің әртүрлі жолдары бар екендігін естіп-біліп жүрміз. Қай жолды таңдағанымыз дұрыс? Сіздер қалай ойлайсыздар құрметті оқырман қауым?
Абылай ЖАНСЕРІК, Қызылорда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста