2011 жыл қалай болмақ?

2011 жыл қалай болмақ?

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТ, жұлдызшы:
– 2011 жыл – қоян жылы. Кейбір жұл­­дыз­шылар қоянның қорқақтығын пай­далана отырып, биыл халық үрей мен қор­қынышта өмір сүретін болады деп болжам жасауда. Мен осы арада кереғар пікір айтқым келеді. Қоян – ауыспалы мағынада қорқақ болғанымен, көп балалайтын, еңбекқор жануар. Еліміздің демографиялық проблемалары түбегейлі шешілмесе де, адам өсімі болады. Айта кететін жайт, ізсіз, хабарсыз кеткен жандар өз туыс-бауыр­ларын іздей бастайды. Ал табиғи-эколо­гиялық апаттар елімізде болмайды. Оған қоса жер сілкінісі, адам шығыны, су тасқыны секілді апаттар да орын алмайды. Керісінше, Еуропаның біраз елінде су тасып, жер сіл­кініп, қар көшіп, адам шығы­ны орын алады. Күн жаңа жылдың қар­саңында қатты суы­майды. Ақпанның бі­рінші және екінші, наурыз айының бірінші декадасында күн қатты суытады. Жастар мәселесінде орын алып жатқан пробле­малар өз ше­шімін табады. Адам­дардың жеке өмірінде де өзгеріс көп болады. Бойдақ жүрген ұл-қыздарымыз үйленіп, жа­ңаша ойлайтын буынды өмірге әкеледі. Ал билікте ешқандай өзгеріс орын ал­майды. Биыл тышқан, егеуқұйрық секілді жануарлар көбейеді, осы жайды ескере отырып, қоян, мысық секілді жануарларды аялап, қам­қор­лығымызға алуымыз қажет. Өйткені олар тышқан мен егеуқұйрықты аулауда белсенді болады. Тағамнан жа­салған, адам ағзасына зиян түрлі хими­кат­тың пайда болуына байланысты 2011 жылы тамақты көп ішуге болмайды. Тамақты көп ішетін адамдар биыл түрлі ауруларға шалдығады. Қоры­тындысы, 2011 жыл халқымыз үшін берекелі де мерекелі жыл болмақ.
Нина МАЛИНОВСКАЯ, астролог:
– Қоян жануары  әр халықтың дәстүр-салтында әртүрлі ұғымда ескеріледі. Қоян­ның мінезіне, типіне қарап, жұлдызшылар 2011 жылы бүкіл әлемнің махаббатқа ке­нелуін болжайды. Кейбір халықтар қоянды «мысық» деп те атайды. Мысық үй жануары болғандықтан, әр адамның отбасылық мәселелері шешіледі. Отбасындағы жайлылық, махаббат артады. Қоян жы­лында үйленген отбасылар әлемдегі ең бақытты жандардың қатарын толтырады. Қоян – қонақжай жануар, әсемдікті, жай­лылықты ұнатады. Сондықтан биыл үйіңізге қонақты жиі-жиі шақырсаңыз, дұрыс болады. Қонақтармен терезесі тең дәре­жеде сөйлесіңіз, өйткені қоян – дип­ло­матияны ұнататын жануар. 2011 жыл әсіресе ақ қоянға теңеледі. Ақ қоян – алтынды қатты ұнататын жануар. Жаңа жылда бір-біріңізге алтын сыйласаңыздар, бақытқа кенелесіздер. Шығыс жұлдыз­шылары қоянның аса ақылды жануар екендігін айтады. Сондықтан өз жұмысына байланып қалғандар үшін сәтті жыл болып, талай жылдан бері жұмысынан нәтиже көрмей келгендер еңбегінің жемісін көреді. Қоянның қорқақтығын естен шығарма­ғанымыз дұрыс. Кейбір жандар үшін ма­ңызды істерде шешім шығару қиын болады. Қоянның тазалықты, ұқыптылықты сүйе­тіндігіне орай, жұмысыңызда, ойыңызда жүйелілік болуы қажет. Біреудің мүлкін заңсыз иеленіп алған ұрылар ол меншігінен айырылғалы тұр.
Қадиша апа, дала балгері:
– 2011 жыл қоян жылы болғандықтан, адамдардың санасында, өмірінде өзгеріс болады. Көптеген жанның қаржылық мәселелері шешіледі. 2010 жылы адам­дар тәуекелге көп барды. Ал биыл ондай тәуекел жасаудың реті жоқ. Өйткені биыл қоғамды жайбарақаттық, жайлылық жай­лайды. 2010 жылда мемлекеттік деңгейде шешімін таппаған кейбір мәселелер қоян жылында шешімін табады. Жұлдызшылар адамдардың отбасында жайлылық пен берекет болады деп болжайды. Дегенмен де биылғы жылдың тізгіні қоян жануарына бұйырған соң, үрей мен қорқыныш адамдардың бойынан бәрібір табылатын болады. Тұрмыс құрмай отырып қалған көптеген қызымыз өз теңін табады. Қоян көп балалайтын жануар болғандықтан, елімізде демографиялық өсім болады. Осыдан біраз жыл бұрын орын алған ақша дағдарысы Қазақстан азаматтарын ай­налып өтсе де, биыл сол дағдарыстың легі сезіледі. Бірақ белсенді өмір сүретін адамдар әрқашан да ақшадан мақұрым емес. Билік басында жастар мәселесіне қатысты шешімін таппай жүрген біраз мәселенің шешімін табуы күтілуде. Қоян – нәзік жануар, дипломатияны, түсі­ністікті ұнатады. Сондықтан биылғы жыл береке мен шаттыққа толы болмақ.

Жаңажылдық әзіл
Жаңажылдық кештен қызыңқырап шыққан жігіт шатқаяқтап барып, бір бағанаға сүйене кетеді. Қараса, бағанада «Аязата мен  Ақша­қарға тапсырыс берсеңіздер, орындаймыз» деген хабарландыру жапсырулы тұрады:
– Оңбаған, қанішерлер, енді Аязата мен Ақшақарды да өлтірейін дедіңдер ме?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста