Зейнеткердің сауалы

Visa ресейлік банктерге банкоматтан ақша алғанда комиссия ұстауға рұқсат берді

  • Visa ресейлік банктерге банкоматтан ақша алғанда комиссия ұстауға рұқсат берді

    Visa ресейлік банктерге банкоматтан ақша алғанда комиссия ұстауға рұқсат берді

Visa төлем жүйесі ақпанның ортасынан бері банктерге банокматтан қолма-қол ақша алу үшін комиссия ұстауға рұқсат берді. Бұл туралы «Ведомсти» порталына сілтей отырып, finanz.ru сайты хабарлады.


Бұған дейін комиссияны картаны шығарған банк алып, кейіннен банкоматтың иесімен (эквайермен) есептесетін. Осылайша, клиент қандай жағдайда болмасын тарифтен хабардар болады. Банк арасындағы комиссия көлемін төлем жүйесі тағайындайтын.


Енді Visa-да комиссия 0,45% + 3 рубль, ал Mastercard-та транзакцияның 0,5 пайызы болады. Дегенмен, кейде банктер өз банкоматтарынан ақша алғанда комиссия ұстамайды. Ал кейбірі ешқашан комиссия ұстамайды. Олар банктер арасындағы комиссияны өз қалталарынан төлейді.


Бұған дейін төлем жүйелерінің ережелері банктерге банкоматтан қолма-қол қаражат алғаны үшін клиенттерден комиссия ұстауға рұқсат бермеген. Енді эквайерлер де, яғни банкомат иесі болып табылатын банк те Visa карталарынан комиссия ұстауға құқылы, дейді басылым.


Банкирлер болса, Visa-ның жаңа тарифтік саясаты нарықты түбегейлі өзгертеді деген пікір айтады.


7kun.kz/




 




Көрілген: 392    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 21:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Шілде, 14:19
    Зейнетақым неге аз?
    26 Маусым, 11:53
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31