Зейнеткердің сауалы

Абаев банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатына қатысты пікір білдірді

  • Абаев банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатына қатысты пікір білдірді

    Абаев банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатына қатысты пікір білдірді

Қазақстандықтардың банкротқа ұшыраған Халықаралық Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы жинақтары мемлекеттің кепілінде. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" жобасы аясында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, мәселенің мән-жайы барлығына айтылады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілі бар, бұл жүйені ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан зейнетақыларын салған адамдардың барлығы ақшасын алатын болады. Мұнда еш күмән болмасын, ешкім уайымдамасын", - деді ведомство басшысы. Дәурен Абаевтың айтуынша, инвестициялардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне тек қажетті тексеріс баға бере алады. "Тағы бір мәселе, бұл қаражаттар дұрыс салынды ма? Қазіргі уақытта осы жағдай ереше бақылауда, қажетті тексеріс жүріп жатыр", - деді министр. Осыған дейін Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде берген еді. "Міндеттер қайта құрылымданған соң Халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деген еді сарапшы Акрам Гасанов. Сондай-ақ, сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

жұма, 19.05.2017, 10:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Маусым 2017
Теңге нығайып жатыр

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30