Зейнеткердің сауалы

Енді жұмыс істемегендерге де зейнетақы беріледі

  • Енді жұмыс істемегендерге де зейнетақы беріледі

    Енді жұмыс істемегендерге де зейнетақы беріледі

Биылғы шілдеден бастап, елімізде базалық зейнетақы төлеу тәртібі өзгерген. Ал, келер жылдың қаңтарынан жұмыс беруші қаражаты есебінен қорға тағы 5 пайыздық зейнетақы жарналары төленеді. Бұл туралы Түркістан қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері айтты.




Жаңа зейнетақы реформасында соңғы он жылда мүлдем жұмыс істемеген азаматтардың да жағдайы қарастырылған. Оларға зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайыздық мөлшері бойынша белгіленеді. Ал, 10 жылдан артық еңбек еткендердің зейнетақысы әрбір жұмыс жылы үшін 2 пайызға артығымен беріледі. Бұл тұста 35 жылдан артық еңбек еткендердің бәсі биік болмақ. Олар өтіліне қарай базалық зейнетақының 70-100 пайыз аралығындағы мөлшерін алады.

Ал, әлеуметтік көмек 5 бағыт бойынша беріледі. Еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда... Жұмысынан босаған уақытта... Сондай-ақ, 2008 жылдан бастап, енгізілген жүктілік кезі мен 1 жасқа дейінгі бала күтіміндегі әйелдерге мемлекет тарапынан мөлшерлі сома тағайындалады. Ол әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

Зейнетақы, мемлекеттік, әлеуметтік төлемақы белгілеудегі бұл өзгерістер халықаралық тәжірибеге сай жүргізіледі. Реформа мемлекет басшысының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы негізгі міндеттерді іске асырады. Табысы төмен топтың кедейлікке тап болмауына септеседі. Сондай-ақ, еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандырады.




Көрілген: 2282    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жұма, 11.08.2017, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Шілде, 14:19
    Зейнетақым неге аз?
    26 Маусым, 11:53
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31