Зейнеткердің сауалы

Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

  • Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

    Келесі жылы орташа зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

 Бүгін мәжілісте «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұловтың айтуынша, үш жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік блоктың шығындары 15,4 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде келесі жылға 4,7 триллион теңге көзделген.


«Әлеуметтік шығынның негізгі үлесі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған. Жоспарлы кезеңде аталған бағытқа 9,5 триллион теңге жоспарланған, оның ішінде 2019 жылға – 3 триллион теңге. Аталған шығындардың басым бөлігін әлеуметтік төлемдер құрайды», — деді Шолпанқұлов.


Ол аталған қаржы есебінен азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленетінін атап өтті.


«Нәтижесінде 2019 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 36 108 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының орта мөлшері 27 732 теңге деңгейінде жоспарланып отыр. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа зейнетақы, базалық зейнетақының орташа мөлшерін есепке алғанда, 87 243 теңгені құрайды, яғни 5 728 теңгеге өседі», — деді министрдің міндетін атқарушы.


Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 1007    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 22:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30