Зейнеткердің сауалы

Пәтер сатып алу үшін қазақстандықтар 14 жыл ақша жинауы қажет

  • Пәтер сатып алу үшін қазақстандықтар 14 жыл ақша жинауы қажет

    Пәтер сатып алу үшін қазақстандықтар 14 жыл ақша жинауы қажет

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға - 250,1 мың теңгеге дейін өскен.


Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Сарашылардың айтуынша, Петропавлда пәтер бағасы шаршы метріне қатты қымбаттаған. Онда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 16,6 пайызға - 185,0 мың теңгеге қымбаттап кеткен. Петропавлдан кейін Алматы қаласы тұр. Мұнда 2017 жылдың сәуір айында жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 341,5 мың теңге болған. Ал 3-орында Семей қаласы тұр. Семейліктер қазіргі уақытта жаңа пәтердің шаршы метріне 154, 5 мың төлеуі керек. Жаңа пәтерлердің бағасының өсуі, әрине, қазақстандықтардың өз жылжымайтын мүлігін сатып алуға қаражат жинауға деген мүмкіндіктеріне шектеу қояды. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген қазақстандыққа бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін (32 шаршы метр) 14 жылдан аса уақыт керек. Яғни, ол адам 14 жыл бойы жалақысының 30 пайызын пәтер алуға жинайды. Сондай-ақ, мамандар елімізде ипотекалық несие беру нарығында 17 екінші деңгейлі банк (АТФ, RBK, Сбербанк және Цеснабанк) жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Жалпы, ипотекалық қарыздың максималдық мерзімі 240 ай екен.




Көрілген: 298    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Шілде, 14:19
    Зейнетақым неге аз?
    26 Маусым, 11:53
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31