Ашаршылықтан соң өнеркәсіп қалай дамыды?

Ашаршылықтан соң өнеркәсіп қалай дамыды?

Ашаршылықтан кейінгі екінші бесжылдық жоспарда Қазақстанды индустрияландыруға, әсіресе түсті металлургияны, көмір мен мұнай өнеркәсібін, теміржол тасымалын тездетіп дамы­туға үлкен көңіл бөлінді.  Жаңа бесжыл­дық­тың талаптарына сәйкес, Л.И. Мирзоян Қазақ­станның партия ұйымдарының алдына мынадай міндеттер қойды: Қазақстанның эконо­микалық және мәдени артта қалушылығын аяғына дейін жою, оны КСРО-да алдыңғы қатарлы ұлттық республика­лардың қатарына шығару, халық шаруашылы­ғының барлық саласында техникалық қалпына келтіруді аяқтау, республиканың ауыл шаруашы­лығын ұжымдастыруды аяқтау.
Екінші бесжылдық жоспары бойынша Қазақстан одақ бойынша қорғасын өндіруден бірінші орынға, мыс өндіруден – екінші, мұнай мен көмірден үшінші орынға шығуға тиіс болатын. Қарағандының алдына Орал мен Еділ бойы металлургиялық зауыттарын кокстелген және байытылған көмірмен қамтамасыз ету, Қарсақпай мен Балқаш мыс комбинаттарын, республиканың теміржолдарын, аудандық электро­стансыларды, жергілікті өнеркәсіп пен тұрғын­дардың отынға деген сұраныстарын толық қанағаттандыру міндеті қойылды. Екінші бесжылдықта Қарағандыны дамытуға 252,5 миллион сом қаржы бөлінді, шахта құрылысына бөлінгені – 163 миллион сом, тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық құрылыстың еншілегені – 83 миллион сом. («Народное хозяйство Казахстана», 1934, №4, с-12).
Екінші бесжылдықта пайдаланылатын теміржолдар жүйесінің ұзындығы 47,7% кө­беюге тиіс болатын. Жоспар бойынша рес­публиканың негізгі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы аудандарын Одақтың жал­пы теміржол жүйесімен қосу және олар­дың өнімдерінің тұтынушыға шыға­рылуы қарастырылған болатын. Мысалы, болашақта қуатты өнеркәсіп тарабын одақ­тың жолдар жүйесімен қосатын Қара­ғанды – Балқаш; Қарағанды кө­мі­рін Маг­ни­тогорға, Бакал мен Ор-Ха­лилов ком­бинаттарына тасып жеткізу үшін Ақмола – Қарталы; Алтайдың Руд­ныйын отынмен қамтамасыз етіп, оның өнімін алып шығу үшін Риддер – Рубцовка теміржол желіс­те­рінің құры­лыс­тары нысанаға алынды. Екін­ші бес­жыл­дық тұсында Қарағандының кө­мірін тұты­натын аудандарының аумағы ұл­ғайды. Қарағандының көмірімен қам­ты­­луға тиісті жаңа зауыттар, теміржолдар, элек­тростансылар пайда болды.

Халық комиссары
Г.К.Орджоникидзеге

...Мен осы хатта Қарағандының жұ­мы­сы мен дамуы үшін ерекше маңызы бар төрт мәселе қойғым келеді.
1. Үлкен электростансы салу туралы. Сіз­дің бұйрығыңызға қарамастан, бұл стан­сыны салу үшін осы уақытқа дейін түк те істелінген жоқ. Осы жылы бұл стансының құрылысын мүлде тоқтатып тастады.
2. КарГРЭС-тің кешігіп қалуы мүм­кін­ді­гі­не байланысты, Қарағанды электр қуа­тын­сыз қалмауы үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет.
3. Трансформаторлар мен ­элек­тро­құ­рыл­ғылар туралы. Бұл жұмыстар жыл­жи­тын емес, ең басты себебі – ұсақ моторлар жоқ, трансформатор, электроқұрылғылар жоқ.
4. Ағаш пен құмтас туралы мәселе Қара­ғандының құрылысы үшін ең өткір мәселе болып қалумен келе жатыр.
Треске тым болмағанда Челябінің 20-30 тракторын бөлуді сұраймын. Одақтағы өзге құрылыстардан Қарағанды қарапайым ғана коммуналдық кәсіпорындарының жоқтығымен де тиімсіз ерекшеленеді. Мысал үшін айтатын болсақ, мұнда жібі түзу көше мен жолды кездестіре алмайсыз; не ескі, не жаңа шахталарға кіреберіс жол да жоқ; жұмысшы поселкелерінде көрік­тен­дірілген бірде-бір жолды таба ал­май­сың. Қазылып, ойылып кеткен шұрық-тесік жолдар жауынды-шашынды күндері шал­шық суға толып, кішігірім көлшіктерге ай­на­лады. Олар мәшинелердің, басқа да көліктердің көптеп сынып, қирауына себеп болып, қанша жұмыстарға қолбайлау бо­лу­да. Мемлекетке бұдан үлкен көлемде шы­ғын келуде.
Мен бюджеттен 1935 жылға арналып, көшелерді тәртіпке келтіруге, шахталар мен негізгі кәсіпорындар арасына сапалы жол­дар салуға және коммуналдық көрік­тен­діруге (көгалдандыру, жолдарды, үй­лер­­ді жөндеу, каналдандыру т.б) арнайы қар­жы көлемінің қарастырылуын сұрай­мын.
Ең ізгі ниетпен сәлемімді жолдаймын Л.Мирзоян.
(ҚР Президентінің мұрағаты, 141-қор, 1-тізбе, 5756-іс, 219 б).

1935 жылдың наурызында Л.И. Мир­­зоян Қарағанды партия бел­сен­ді­лерінің жи­налысында сөз сөйледі. «Қа­ра­ғандының маңызы, – деді Мирзоян, – алып көмір қа­бат­тарымен ғана анық­тал­майды, сон­дай-ақ оның негізгі тұты­ну­шы металлургиялық өнер­кәсіп ошақ­та­рына жақындығы да Қара­ғандыны таяу жылдардың ішінде елдің үшінші қуат­ты көмір базасына айнал­ды­руға мін­деттейді.
Мирзоян құрылысшылардың на­за­рын ең алдымен, күрделі құрылыстың жоспарын орындауға аудару керектігін атап көрсетті.
Үкіметтің алып құрылыстарды жа­рия­лаған тізіміне енген сегіз шахтаны жедел іске қосу, екінші орталық энергия агрегатын тезірек пайдалануға беру, суқұ­бырын мезгілінен бұрын салып бітіру – бассейннің бар өміріндегі ең өзекті мәселе болатын. Міне, осылар ше­шілгенде ғана бүкіл Қарағанды жыл­дам қарқынмен алға қарай дамиды. Құ­рылысшылар өздерінің сана-сезім­дерімен бір сәт шын мәнінде жауын­гер­лік күзетте тұрмын деп есептесін.
Көмір өндіру жауапты міндет сана­ла­ды. Өкінішке орай, өндіру жөніндегі бағ­дарлама тұрақты түрде орындалмай жүргені байқалуда.
Жіберілген ақаулықтың себептеріне талдау жасаған Мирзоян ОК пен Сов­нар­ком­ның Донбасс туралы қаулысы Қара­ған­ды үшін де жұмыстың жауынгерлік бағдарламасы болып табылатынын атап көрсетті.
Көмір өндірудегі, оны сыртқа, жер бетіне шығарудағы келеңсіздіктерді әш­ке­ре­лей келіп, Мирзоян қазірдің өзінде ме­ха­никаландыру әдісін кең қолдану мен атпен сүйрету арқылы жұмыс үдерісін бір­шама жылдамдатуға нұсқау берді. Қол жұ­мы­сынан да әзірше бас тартуға болмай­тынын ескертті.
Жас өнеркәсіптік ауданда тұрғын үй мен коммуналдық құрылыс ерекше маңыз­ға ие. Өкінішке орай, өткен жылғы 16 мил­лион сом қаржының 6 миллионы ғана иге­рілді. Үстіміздегі жылы 200 үйдің құры­лы­сы басталды. Бұл қамтамасыз ету керек­тің ең кемі ғана. Фабрика-асхананың, нан зауытының, дүкендердің, асханалардың құрылысын бітіру – мамандардың тұрақ­та­мауын тежеу деген сөз.
Сөзінің қорытынды бөлімінде Мирзоян жеке азық-түлік базасын құру қажеттілігіне жан-жақты тоқталды. Қарағандыда бұл үшін барлық негіз бар екенін айтты: мал өсіруге жемшөп те, жайылым да жеткілікті. Сөзін қорытындылап, Мирзоян партия ұйымдарының алдына барлық күш пен қосымша қорларды жабайы кәсіпшілікті, надандықты, құрылыстың алып ауқымын игеріп кету үшін жұмыстың жоғары қар­қы­нынан қорқуды жою күресіне жұмылдыру міндетін өткір қойды. (РГАСПИ, 160-қор, 1-тізбе, 1916-іс, 49-50 бб).
Мирзоянның Мәскеуге арнайы са­па­­ры­нан кейін 1935 жылы сәуірде Қазақ­­­станның өнеркәсібіне техни­ка­лық көмек беру штабы құрылды.  
Қара­ған­ды көмір бас­сейніне Мәскеу көмір-техникалық инс­ти­тутының «көмір байы­тушылар» тресінен арнайы брига­да­лар Қарағанды көмірінің сапасын анық­тау­ға жіберілді. Мәскеу көмір-техникалық инс­титутының күшімен 1935 жылы Қара­ған­­дыда химиялық зерт­ха­на ұйым­дас­­ты­рыл­ды. Кейіннен ол еліміздің үшін­ші отын оша­ғының ірі ғы­лы­ми-зерт­теу орталығына айнал­ды.
Шептік көмек келісімшартында тех­ни­­ка­лық жәрдем көрсету ғана жазыл­ған­мен, бірақ ол өз мақсатының ауқы­мы­нан көп шы­ғып кеткен болатын. Қазақ­станға озық тәжірибелер мен тех­ни­калық білім беру­мен қатар, өнеркәсіп жаб­дықтары да, сон­дай-ақ жоғары кәсіби мамандар да жі­бе­ріліп жатты. Өнеркәсіп саласы бойынша түрлі ақыл-кеңестер мен нұсқамалар, өнер­кәсіп сала­сы үшін нысандардың сәулеттік-ин­женерлік жобаларын да дайын­дап берді. Мәскеудің жоғары оқу орын­да­рында Қазақстан өнеркәсібі үшін ма­мандар дайындалды. Қазақ­стан­ның өнеркәсіптік тапсырыстары орын­далды. Мәскеу сәулетшілері Қарағандының ірі ғи­ма­раттарының құрылыстарын жобалады. Олар 1935-1936 жылдары Алматы меди­ци­налық институтының, мал шаруа­шы­лығы, кеңестік құрылыс инс­ти­тут­тарының, Мәдениет үйінің, Қазақ мем­лекеттік уни­вер­ситетінің жоба­ла­рын жасады.
1935 жылдың тамыз айында Мәскеу об­латкомы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіп­орындарындағы денсаулық сақтауды шеп­т­ік көмекке алу туралы қаулы қабыл­дады. Бұл жөнінде Л.И. Мирзоянға жазған хабарламасында былай делінген:
«Мәскеу жұмысшыларының Қазақ­стан жұ­мысшыларымен туыс­қан­дық ын­ты­­мақ­тас­тығының белгісі ретінде Мәскеу об­лат­ко­мы Мәскеу облыстық денсаулық сақтау ұйымы мен Мечников атындағы инс­титутқа Қазақстанның өнеркәсіптік орта­лық­та­рын­дағы денсаулық сақтау ісінде жұқпалы ау­ру­лар таралуының ал­дын алу мен бірыңғай дис­пансерлік ұйы­мын құруды шептік қам­қор­лыққа алу­ды тапсырады.
(РГАСПИ, 160-қор, 1-тізбе, 1916-іс, 105-б).
1936 жылдың қаңтарында өткен Алма­ты партия белсенділерінің жиналысында сөз сөйлеген Л.И. Мирзоян былай деді:
«Мұндай көмек кеңестік рес­пуб­ли­ка­лар­дың барлық еңбеккерлерінің интер­на­ционалдық байланысын білдіреді: орыс және украин халықтарының қазақ хал­қына деген туысқандық бақай есеп­сіз, шынайы көмегі Қазақстанның қайта түлеген тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Осынау бүкілхалықтық қайтарымсыз көмек Қарағандының елі­міз­дің үшінші көмір базасына айналуын тез­детті, сонымен бірге қазақ халқының еңсесін ұзақ жылдар бойы езумен келген экономикалық және мәдени артта қалу­шы­лықты жоюға да, қазақтардың орыс­тар­мен, украиндармен және Кеңес Ода­ғы­ның басқа халықтарымен де достығын бекіте түсуге жәрдемдесті». (РГАСПИ, 160-қор, 1-тізбе, 1916-іс. 109 б).
1936 жыл Қарағанды көмір өнді­ріс­ші­лерінің екінші бесжылдықтағы барлық жос­парларының орындалуының шырқау биігіне айналған жыл болды.
1936 жылдың желтоқсанында С.Орд­жо­никидзе мен Л.Мирзоян есеп берді:

БК(б) П ОК – Сталин жолдасқа
КСРО Совнаркомы – Молотов жолдасқа

1936 жылы Қазанның жылдығына ме­же­ленген Қарағанды көмір тресі жылдық жос­парын мезгілінен бұрын орындады. Қара­ғанды ОК-нің тарихи шешімінен кейін осы­дан бес жыл бұрын өзінің дамуын бас­тап, айтарлықтай табыстарға қол жет­кіз­ді.
1931 жылы бүкіл бассейн 280 мың тон­на көмір өндірген. 1936 жылы бассейн 3 млн 500 мың тоннадан астам көмір өн­діреді. Бұл көмір өндіру бойынша жыл­дық жоспардан артық.
7 қарашаға қарай он шахтаның сегізі жылдық бағдарламаларын орындап шық­ты. Бассейнде стахановтық қозғалыс кең даму алды, көптеген стахановшылар өсіп шықты, әсіресе қазақтар арасында, кеңес­тік жас техниктер мен инженерлерден ма­ман­дар жасақталды.
ОК пен Совнаркомнан мына жол­дас­тарды ордендермен марапаттау туралы мә­се­лені қарап, шешуді сұраймыз.
(ҚР Президентінің мұрағаты, 141-қор, 1-тізбе, 484-іс, 132-б).
Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Мирзоян Қарсақпай мыс комбинатын дамытуды бірінші кезектегі ма­ңызы бар іс деп санады. Оның негізгі жаб­дықтары шетелде өндірілген. Оларды жөн­деу, артық тетіктерін алмастыру бір­қа­тар қиындықтар тудыратын. Сондықтан мә­­шинелерді, механизмдерді өз күш­те­рі­мен жөндеуге, сынған техникалық жаб­дық­тарды жергілікті кәсіпорындарда жа­сал­­ған бұйымдармен алмастыруға ба­­ғытталған кез келген ұсыныстың зор ма­ңызы болды.
Балқаш мыс қорыту зауытының кен қо­ры (Қоңырат) АҚШ-тың атақты «Сал­ли­ван» кенішінен кем түспейтіндей деңгейде да­мытылуға тиіс болатын. Дегенмен Қо­ңы­рат кенін қайта өңдеу технологиясын таң­дау оңайға соқпады. Ең бастысы, бұл бағыт­та неғұрлым үнемді де тиімді тәсіл таң­дау қажет болды. 1931 жылы Қоңыратта тәжірибе ретінде гидрометаллургиялық қондырғы іске қосылған болатын. Ол кенді ұсақтап, ұнтақтауға арналған. 1933 жылы бұл тәжірибе сәтті аяқталды.
Балқашқа еліміздің әр түкпірінен кәсіби жұмысшылар мен мамандар ағы­лып келіп жатты. 1934 жылдың шіл­де­сінде мұнда даңқты Сталинград трактор зауы­тының арнайы жіберілген 200 маманы кел­ді. Осы жылдың күзінде, 1935 жылдың 25 қыркүйегінде Балқаш құры­лыс ұжы­мы­ның жалпы жиналысында ком­бинат құ­ры­лысына дайындық кезеңі қо­ры­­тын­ды­лан­ды. Жиналысқа Л.И. Мир­зоян қатысты.
Жиналыста сөз сөйлеген Л.И. Мирзоян құрылыс жұмыстарының сапасына айрық­ша тоқталды. Ол құрылыс жұмыстарындағы жабайы кәсіпшілдік әдісті қатты сынға ал­ды. Өндірісті ұйымдастырудың техникалық тәсілдерін жетілдіруге нұсқау берді. Л.И. Мирзоян әсіресе, мамандарға техникалық және инженерлік мамандарға жанашырлық пен қамқорлық көрсетуге көңіл бөлу керек екенін баса айтты.

Д.А.Қонаев және Балқаш өңірі
«...Мен 1936 жылдың шілдесінде Мәс­кеудің түсті металл алтын институтының тау-кен факультетін бітіріп, Қоңырат-Бал­қаш құрылысына жолдама алдым. Осы жер­де менің нағыз еңбек жолым бастал­д­ы...» – деп басталады «Менің дәуірім ту­ра­лы» кітаптың бір тарауы. Оның авторы Дін­мұхамед Ахметұлы Қонаев.
Биліктің басында ұзақ жылдар бойы отыр­ған адам, Қазақстанның тарихи тағ­ды­рына үлкен ықпал еткен Д.А. Қонаев өзі­нің мемлекеттік істерімен үнемі жұ­мыс­бас­ты екеніне қарамастан Балқаштың жағ­дайын біліп отыруға әрдайым уақыт та­ба­тын еді. Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының құрылуына, Балқаш көлінің жағасындағы қаланың тамаша көркейіп, дамуына тікелей атсалысқан.
Алғашқы бесжылдықтарда пайдалы қазбалардың көптеген жаңа көздері ашылды. Алтайда, Қаратау мен Жоңғар Ала­тау­ларының етегінде полиметалл кен­­дерінің үлкен қорлары анық­тал­ды.1936 жылы геологтар Оңтүстік Қазақ­стан мен Қара­тау қыраттарында фос­фо­рит­тің қор қабат­тарының әлемде теңдесі жоқ үлкен қо­рын барлап тапты. Бұл фос­фо­риттердің фос­форлы қышқылдары қосар­лы супер фос­фат өңдеуде пай­далануға жарамды бо­лып шықты.
Сонымен бірге калий тұзының, суль­фат­тардың, магнилі кендердің, бром мен бас­қа да түрлі химиялық шикізаттардың мол көздері табылды.
Мұнай өнеркәсібінің жаңа көздері ашыл­ды. Кенге жатпайтын пайдалы қаз­ба­лар мен түрлі құрылыс материалдарының көз­деріне геологиялық барлаулар жасал­ды. Су ресурстарын барлау, іздестіру жұ­мыс­тарына мол қаржы бөлінді.
Көптеген пайдалы қазбалардың қоры жөнінен республика КСРО-да ал­дыңғы орын алды. Ол кезде, әсіресе, мыс­тың, қорғасынның, цинктің және қалайы кендерінің қоры әлі молаятыны бел­гілі болған. Бұлардан бөлек, қалайы­ның, вольфрамның, молибденнің, висмут­тың мол қоры анықталды. Ал хромиттердің қо­ры бойынша Қазақстан бұрынғы Одақ ке­ңіс­тігінде бірінші орын, марганец бойын­ша – үшін­ші, қалайы мен вольфрам бойын­ша төр­тінші орын алды.

1936 жылдың желтоқсанында Л.И. Мирзоян Сталиннің мына мазмұндағы кезекті нұсқамалық хатын алды.
Қазөлкеком – Л.Мирзоянға

Одақтың Совнаркомының 1936 жыл­дың 19 желтоқсанындағы шешімімен Нар­ком­тяжпромға Шығыс және Оңтүстік Қазақ­станның мекенаумақтарында келесі жылы Қалба кенішін өнеркәсіптік мақсатқа пайдалануға беру міндеттемесімен қалайы бойынша кең геологиялық барлау жұмыс­та­рын жүргізу ұсынылған болатын. Одақ бойынша қалайы өнеркәсібін дамытудың ай­рық­ша маңызы барына, қалайы бойын­ша шикізат қорын жедел анықтауға бай­ла­ныс­ты белгіленген бағдарламаның орын­да­луын қамтамасыз етуге барлық ша­ра­­лар­ды қабылдаңыз.
Бұл істі тікелей өзіңіздің бақы­лауы­ңызға алыңыз. Барлық аудандық, облыс­тық және өлкелік ұйымдарды барлау пар­тия­ларының барлық қажеттіліктерін, атап айт­қанда, көлікпен, жұмысшы күшімен және барлық түрлермен қамтылуын бірін­ші кезекте қанағаттандыруға міндеттеңіз. Бірін­ші кезекте жұмыстың барысы туралы ай сайын Совнарком мен ОК-ке хабарлап оты­рыңыз.
БК(б)П ОК хатшысы И.Сталин.
1936 жыл. 28 желтоқсан.
(РГАСПИ, 558-қор, 1-тізбе, 755-іс, 130-бет).

Түсті металдардың, көмірдің, мұнайдың кендерін тауып, іске қосу Қазақстанның ха­лық шаруашылығын көтеруге жарқын ин­дус­триалдық сипатты серпін берді. Бі­рін­ші бесжылдықтардың кезінде-ақ негіз­гі салалар болып саналған бұл салалар одан әрі кең даму қарқынын алды. Екінші бес­­жылдықта ауыр өнеркәсіпке бағыт­талған күрделі қаржының 60 пайыздан ас­та­мы тек осы салаға жұмсалды. Олар бү­кіл­­одақтық маңызға ие болды, тұтас елді ин­дустрияландыруда белгілі рөл ат­қар­ды.
Әсіресе түсті металдардың маңызы зор болды. Олардың өніміне деген сұраныс үсті-үстіне артып отырды. Оларсыз элек­тро­техникалық, автокөлік, трактор өнер­кә­сібін, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібін да­мыту мүмкін болмады.

1937 жылдың 16 қарашасында Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың Л.И.Мирзоянға жазған хатынан:
Аса құрметті Левон Исаевич!

Жезқазғанға баратын теміржол құры­лы­сы аяқталды. Осыған байланысты Үлкен Жезқазған комбинатының құрылысын бастауға қолбайлау болып отырған басты себеп жойылды. Алдағы 1938 жыл Үлкен Жез­қазған мүддесі үшін толық пай­да­ла­ны­луға тиіс. Олай болмаған күнде Нілді–Жезқазған теміржолы бір жылға дейін өлі күйін­де қалады. Құрылыстың штабы құры­лыс басқармасын құру ісімен тығыз ай­на­лысатын уақыт жетті. Өйткені бұл – 1938 жылдан бастап, осы комбинаттың барлық ұйым­дастырушылық, дайындық жұ­мыс­тарына басшылық жасауды жалғастыратын құ­рылым.
Бастүстіметалл (Главцетмет) барлық нышандарымен Жезқазғанға деген бұрын­ғы енжар бойкүйез күйінде қалып отыр. Л.И.Качановичтің алдында Үлкен Жез­қаз­ған мәселесі пісіп-жетілді деген бастамасын кө­теруді енді біздерге тек Қазақстан бас­шылығының тарапынан ғана күтуге тура келеді.
Бүгінгі күні ең өзекті мәселе – Үлкен Жез­­қазған құрылысы басқармасын рәсімдеуді нақты шешу, бірінші кезекте – құрылыс басқармасының бастығын тағайындау болып саналады. Одақтық түсті металлургия саласының белгілі қыз­мет­керлерінің арасында Үлкен Жезқазған ком­бинатының құрылысын басқарып кете алады дейтін адамды атап көрсету қиын мә­селе болып тұр. Дегенмен Үлкен Жез­қаз­ған құрылысының бастығына Г.И. Пин­хасик жолдас лайықты болып қалуы мүм­кін. Біздің терең сеніміміз бойынша, бұл жолдас – осы жауапты қызметке деген та­лап­тардың бәріне қанағаттанарлықтай сай келетін сияқты. Сондықтан да мен Сізден Қазақстанның атынан орта­лық­тың ал­дында Үлкен Жезқазған комбинаты құрылысының бастығы ретінде Г.И. Пинхасик жолдастың үміткерлігін қол­дауыңызды сұрар едім. Қазір Пинхасик жолдас атқарып отырған қызметтің мемлекеттік маңыздылығы өте зор.
Сонымен бірге Үлкен Жезқазғанның мыс қорытудан әлемде бірінші орын ала­тын комбинаттың құрылысы Қазақстан мен Одақтың халық шаруашылықтық және сая­си маңызы айрықша маңызды екенін де ұмытпаған жөн.
Өзіңізді құрметтеуші инженер Қ.И.Сәтпаев.
(ҚР Президентінің мұрағаты, 708-қор, 1-тізбе, 81-іс, 72-73 бб).

Қазақ автономиялық кеңестік социа­лис­тік республикасы БК(б) П өлкелік коми­те­тінің бірінші хатшысы Л.И. Мирзоянның бас­шылығымен екінші бесжылдық жыл­да­рын­да елдің ғасырлық техникалық-эко­но­ми­калық артта қалушылығын түпкілікті жоюға шешуші қадамдар жасады. Қазақ­стан­ның өнеркәсібі басқа да кеңестік ұлт­тық республикалар сияқты төңкеріске дейін мешеу қалып келген болса, енді елі­міз бойынша орташа қарқыннан да жыл­да­мырақ өсті.
Екінші бесжылдық жылдарында Қазақ­стандағы индустрияландыру демо­гра­фиялық өзгерістерге де әсер етті. Қазақ­стан­ға арнайы шақыртумен 553 мың адам келді. Ал өз бетінше келгендер 1 млн 800 мың адам. Осындай себептермен қазақтар 1926 жылғы 57,6 %-дан 1939 жылы 38 %-ға кеміп кетті. Орыстар тиісінше 20,9 %-дан 40,2%-ға өсті. (РГАСПИ, 124-қор, 1-тізбе, 2712-іс, 181-182 бб).
Екінші бесжылдық жылдары құры­лыс­тар мен жаңа кәсіпорындарды игеру кезеңіне айналды. 1935 жылдың қаза­нын­да Гурьев-Орск мұнай құбыры, Қарағанды, Бал­қаш, Алматы мен Семей ТЭЦ-тері мен Үлбі су электр стансысы іске қосылды. Ембі кәсіпшіліктерін, кенді Алтайдың ке­ніш­­тері мен зауыттарын қалпына келтіру жал­ғасты.

Қазақстан индустриясының дамуы көлік пен байланыстың өсуімен қатар жүрді.
Қарағанда – Балқаш, Шымкент – Лең­гір, Рубцовқа – Риддер, Орал – Елек темір­жол­дар жүйесі іске қосылды. Рубцовка – Рид­дер жолы Алтайдың негізгі кен орын­­дарын бүкілодақтық теміржол жүйе­сімен байланыстырды, Қарағанды – Бал­қаш желісі Қарағандының көміріне Балқаш мыс қорыту зауытына тасылатын жол аш­ты.
Әуе қатынасы желісі де ұзара түсті. Әуе тасымалы 40 еседен де көбейді.
Алматыда, Семейде, Гурьевте, Қара­ған­дыда, Оралда, Шымкентте, Ақмолада ірі радиотелеграфты телефон стансылары салын­ды. Ауылдық кеңестер, кеңшар­лар, МТС-тер мен ұжымшарлардың бір бөлігі телефон байланысымен қам­тылды.
Индустрияландырудың басты қорытындысы – өнеркәсіптегі ме­шеу­лік толық жойылды. Одақ Қазақ­стан сияқты тылдарының арқасында 30-жылдардың соңында әлемнің үш-төрт елінің қатарына ілікті.


Тілеу КӨЛБАЕВ, тарих ғылымының докторы, профессор ҚР ГҒА-ның академигі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста