Қазақстанның құрылыс саласы қарқынды дамып келеді

Қазақстанның құрылыс саласы қарқынды дамып келеді

Елімізде құрылыс бәсеңдеген жоқ. Оған дәлел жетіп-артылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде ел экономикасының дамуына ықпал ететін құрылыс саласындағы маңыз­ды бағдарламалар кезең-кезеңмен орындалып келеді. Мәселен, Мем­ле­­кеттік тұрғын үй бағдарламасы, «Жол картасы», «Ғасыр жоба­сы» атан­ған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит­тік дәлізі­нің құрылысы да қарқын алып келеді. Біз бүгінгі тақырыпта Тәуелсіз­дігі­міздің 20 жылдығына байланысты Қазақстанда қарқын алған маңызды жобаларға аз-кем тоқталғанды жөн көрдік.

2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы Елбасының идеясымен жүзеге асып отыр
Тәуелсіздік алғаннан кейін біз нарықтық жолды таңдадық. Нарық заңына орай, тұр­ғын үйдің бағасы қымбаттады. Оның үсті­не, халықтың ауылдан қалаға үдере көшуі тұрғын үйге деген сұранысты жоғары­латты. «Үйі жоқтың күйі жоқтығын» ескерген Елбасы «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» Жарлыққа қол қойды. Осылайша 2005-2007, 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қа­был­данды. Осы бағдарлама аясында мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Бір қуанарлығы, бұл бағдарламалар бұдан кейін де тоқтап қалмайды. Осы бағдарла­мамен қатар 2011-2014 жылдарға арнал­ған жаңа бағдарлама қабылданды. Яғни бұл бағдарламада «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» депозит ашып, үйдің баға­сының 50 пайызын жинасаңыз, қал­ған 50 пайызын аталмыш банк жылдық 5 пайыз несиемен кредит береді. Одан ке­йін­гі екінші бағыт, 40-40-20. Демек, «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» 40 пайыз несие береді, екінші деңгейлі банктер – 40 пайыз, оны қай банктен алатыныңызды өзіңіз таңдайсыз, ал 20 пайызын өзіңіз жинайсыз. Елбасы бұл жөнінде: «Тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа, 2011 жылғы бағдарламасын жүзеге асыру үшін республика бойынша мемлекеттен 670 млрд теңге бөлінді. Егер ешқандай шара қолданбағанда, тұрғын үй құрылысының тең жартысы тоқтаған болар еді. Дағда­рысқа дейінгі кезеңде Қазақстан жыл сайын 6 миллион шаршы метрді пайдала­нуға беріп отырды. Былтырғы жылы ол       3 млн шаршы метрге дейін төмендеді. Сондықтан мен жаңа идея ойлап, тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын ұсындым. Мұны іс жүзінде жүзеге асыруға мемлекет­тің мүмкіндігі жетеді. Егер біздің экономи­камыз мұны алып кете алмаса, бастамас едік. Қазынамызда қаржы болмаса не істер едік? Сондықтан осындай бағдарлама жасап шығардық. Жаңа бағдарламаның үш бағыты бойынша елімізде 6 млн шаршы метр пәтер салынады. Осылайша жобамен 350 мың отбасын немесе 1 миллиондай адам­ды баспанамен қамтамасыз ете ала­тындай әлеует бар. Көптеген жұмыс орын­дары ашылды. Міне, бұл мемлекет жасап жатқан үлкен мүмкіншілік деп есептеу керек. Осы қарқынмен дамитын болсақ, келешекте тұрғын үй мәселесін шешетін боламыз», – деген еді.
Асқақтаған Астана
Елімізде құрылыс саласының қарқын алғандығының айқын айғағы – Астана қаласының бой көтергендігі. 1994 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас мемле­кеттің астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы батыл шешім қабылдады. Одан кейін шетелдік мықты-мықты сәулетшілерді шақырып, Астананы қысқа мерзімде адам танымастай етіп өзгертті. Қаланың орта­сы­нан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны бүгінде қала халқы демалатын жағажайға айналды. Қазақстан Республикасы Президен­тінің ғимараты, Үкімет пен елдің Парламент ғимараттары, халықаралық корпорациялар мен дипломатиялық миссиялардың кеңселерінің орналасқандығы ғана емес, қала қазақстандықтардың Отанына деген мақтаныш сезімін оятатын, шетел қонақта­рының көңілін толтыратын қайталанбас сәулет бейнесімен ерекшеленді. Аз ғана уақыттың ішінде біздің елордамыз әлем жұртшылығына танылып қана қоймай, өзіндік бастамаларымен дүние жұртшы­лығын елең еткізер саясат сахнасына, мәдениет ордасына айналды. Елордамыз – талайлардың күмәнмен қараған көзқа­рас­тарына тойтарыс берген Елбасының ерен еңбегінің айдай жаршысы. Әлемнің дамыған елдерінің өзінде құрылыс индус­триясын тұралатып, қуатты экономика­ларды репрессияға ұшыратқан жаһандық қаржы дағдарысы кезінде де Астана құрылысының тоқырауға төтеп бергендігі белгілі. Қаржы тапшылығы қыспаққа алған дағдарыс кезінде Елбасы бас қаланың маңызды құрылыстарының тоқтамауына, әсіресе, алданып қалған үлескерлердің мүддесін қорғайтын тұрғын үй кешен­дерінің құрылысын жандандыруға батыл қадам жасады. Міне, осындай көрегендік, жанашырлықтың нәтижесінде, өткен жылы ондаған тұрғын үй кешендері пайдалануға беріліп, мыңдаған астаналықтардың қоныс тойын тойлауына мүмкіндік берді.
«Жол картасы» – көңілден шыққан бағдарлама
Дүниежүзілік қаржы дағдарысы ал­қым­нан алған тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қызметкерлерді жаппай қыс­қар­тудан сақтап қалу үшін «Жол картасы» бағдарламасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі таңда «Жол картасының» дағдарыс кезінде елімізге айтарлықтай көмегі тигенін байқап отырмыз. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2009-2010 жылдары, яғни бір жылдың ішінде ел өңірінде Тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық жүйесін реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, 4793 шақырым автожол­дар, 3657 мектептер мен ауруханалар, сондай-ақ 368 мәдениет пен спорт нысан­дары жөнделді. Жол картасын және эко­номи­каның болашақ сұранысын іске асыру үшін 100 мыңнан аса қазақстандық тегін, мемлекет есебінен екінші мамандық алды, неше түрлі қайта даярлау курс­тарынан өтті. Осының нәтижесінде 320 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. «Біз бұл бағдарламаны тоқтатпаймыз, әлі де жалғасын табатын болады. Бірақ енді бағдар өзгеріп, аудан-ауылдарда шағын, кішігірім өндірістер ашылуы тиіс. Ендігі негізгі басымдық шағын өндірістерді ашуға жұмсалады», – деді Елбасы. Осы ретте «Бизнестің жол картасы» бағ­дар­ламасы қолға алынып, табысты жүр­гізілуде. Бұл қарқынмен жүре берсек, әлі талай жетістіктердің куәсі бола­рымыз анық.
«Ғасыр жобасы»
«Ғасыр жобасы» атанған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы – еліміздегі және әлем­дік ауқымдағы ірі жобалардың бірі. Оның құны 825 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Керуен жолының Қазақ­стан бойынша жалпы ұзындығы 5126 шақырымды алып жатыр. Көпшілік жаңа жұмыс орындарының ашылғанына, сырт­тан тартылатын инвес­тиция­ның көбейген­дігіне қуанып отыр. Бұл жоба экономика­мызға тың серпіліс береді. Біріншіден, жолымыз жақсарады. Шетелді айтпаған­ның өзінде, өз ішіміздегі жүк тасы­малы дамиды. Жолды қайта салу барысында жергілікті халық жұмыспен қамтылады. Екіншіден, қызмет көрсету сервисі жоғары­лайды. Жол бойында мейрамхана, қона­қ­үй, машина жөндеу орталықтары ашы­лып, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді. Сол арқылы салықтан бюд­жетке қаражат түседі. Үшіншіден, жол ақы­лы болып, ол жол сапасының бұзылмауына себепші болады. Жалпы, бұл жоба 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылу мерзімдерін атады: Қызылорда және Ақтөбе облыс­тарында – 2012 жылы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында  2013 жылы аяқталады.

Қазақстанның құрылыс саласы одан әрі дами бермек. Елдің бірлігі, татулығы нығайған сайын оның экономикасы көтеріліп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара беретіні сөзсіз. Ахуалымыз жақсарса, дамыған  50 елдің қатарына қосылу қиындық туғызбайды.



Жанат ҚАНАТҚЫЗЫ, Алматы қаласының тұрғыны:
Алматыдай үлкен мегаполисте баспана мәселесі, әсіресе жас жанұялар үшін өте қиын. Жас жанұяның аяғынан тік тұрып кетуі, жанұядағы балалар саны басыңда баспа­наңның болу-болмауы­мен өлшенетіні рас. Сондықтан 2005 жылы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына жас жанұя ретінде жеңілдетілген пәтер алу үшін құжаттар тапсырдық. 2009 жылы тамыз айында аяқ астынан Тұрғын үй басқармасынан хабарласып, үйіміздің кілтін алып кетуімізді сұрады. Қуанышымызда шек болмады. Бүгінде Алматы қаласының шетінен жаңадан бой көтерген «Көкжиек»  ықшамауда­нында екі бөлмелі үйде тұрып жатырмыз. Бірнеше жылға бөлініп тасталған, жеңілдетілген үйдің бағасы әрі арзан, әрі жас жанұялар үшін төлеуге өте ыңғайлы. Жаңадан бой көтерген жас ауданда тұрғын үйлермен қатар, екі балабақ­ша, бір емхана бой көтерген. Жақында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, мектеп пен мектепке дейінгі шағын орталық ашылады деп күтілуде. Мұның бәрі Елбасының жас жанұяларға жасап отырған көреген саясатының арқасы деп білемін.



«Батыс Еуропа –  Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы



Есімхан ӘБІШЕВ, краншы:
–  Қ.А.Ясауи колледжінде тауар сер­ти­фи­кат­таушы ма­ман­дығын ал­ған бо­ла­­тын­мын. Алай­да ол мамандық бо­йын­ша жұмыс таба алмадым. Біршама  уақыт жұ­мыссыз жүр­дім. Одан кейін «Жол картасы» бағдарламасы бойынша краншы мамандығын алу үшін үш айлық қайта даярлау курсынан өтіп, арнайы сертификат алдым. Қазір Алматыдағы ірі компаниялардың бірінде мұнара краншысы мамандығымен жұмыс істеп жатырмын. Айлық жалақым да жаман емес. Жалпы, «Жол картасы» бағдарламасы аясында екінші мамандық алуым маған үлкен көмек болды. Осы жоба бойынша тегін маманданып, слесарь, монтаждаушы, сылақшы, сырлаушы, тас қалаушы, ағаш шебері, тракторшы-машинист секілді кәсіптерді игерген көптеген жастар жемісті еңбек етіп жүр. Сондықтан көпшіліктің көңілінен шыққан мұндай бағдарламалар елімізде көптеп жүзеге асырылса, нұр үстіне нұр болар еді.



Шынар ДОСАНОВА, Астана қаласының тұрғыны:
– 2006 жылы Түр­кіс­тан қала­сын­да университет бітіріп диплом ал­ған соң, болаша­ғым­ды жас аста­на­мен байланыстыру мақсатында Астана қаласына жол тар­т­тым. Осы қалада отбасын құрып, балалы-шағалы болдым. Бүгінде болашағымызды жас қаламен байланыстырып, өсіп-өніп жатқанымыз үшін отбасымызбен қуаныштымыз. Жолдасым да, өзім де жас қаланың одан әрі гүлденуі үшін қызмет етіп келе жатқанымызға қуанамыз. Күн өткен сайын Астанада сан түрлі ғимараттар бой көтеріп келеді. Оны көріп, еріксіз жігерленесің, еліміздің ертеңінің жарқын екеніне көз жеткізесің. Астана  – жастықтың, жігердің  қаласы. Мен Астананың тұрғыны болғаныма мақтана аламын. Астананың тұрғыны бола жүріп, көзтартар ғимараттардың аз ғана уақыт ішінде қалай­ша тез бой көтеріп қалғанын байқамай қала­мыз. Айналып келгенде мұның барлығы – Тәуелсіз­дігіміз­дің арқасы. Сондықтан Тәуелсіздік қадірін ұғына біл­сек екен.   

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста