20 жылда қазақ спорты әлемге қалай танылды?

20 жылда қазақ спорты әлемге қалай танылды?

Еліміз көк байрағын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғалы спортымыз да қарыштап дамып, бүгінде төрткіл дүниеге танымал елдердің бірі болдық.
Кеңес Одағы заманында талантты спорт­шыларымыз КСРО құрамаларының сапында болды да, қазақ халқының спорт­қа бейім екендігін біреу білсе, біреу білмеді. Әрі әртүрлі себептерге байланысты құрыш білек жігіттеріміз бен нәзік те, қай­сар қыздарымыз өз мүмкіндіктерін толы­ғы­мен паш ете алмады. Ал халық­аралық додаларға дербес мемлекет ретінде қатыса бастағалы қазақтың да спортқа бапандай екендігі тайға таңба басқандай болып көрінуде. Ең бастысы, қазақ топырағын ме­кен­деген ұлттар мен ұлыстар ұйым­шылдық танытып, бір тудың астына бірігіп, татулығымыз бен бірлігімізді мейлінше сомдап келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкі­лет­тігі мен статусы 1992 жылы 9 наурызда Лозаннада танылып, бекітілді. Содан бері қазақ елі дербес мемлекет ретінде спорт­тық додаларға қатысып келеді.
Бүгінде қазақтың қайыс қолғап киген қырандарынан көптеген елдің боксшылары қаймығады. Білек түрінген балуандарымен көбі имене күреседі. Зілтемір көтер­ген толағай қыз-жігіттерінің көрсеткіштеріне барлығы да бас иеді. Жиі-жиі жаңартып тұратын рекордтарын мойындайды. Қан­дай спорттың түрі болсын, қазақтың қыз-жігіті немесе Қазақстан спортшысы небір бүкіләлемдік додада топ жарып, жүлдеге ілігіп жатса, оған ешкім де таңданбайды.
Қазақстан тек жекелей сындағы спорт түрлерінде ғана емес, командалық спорт түрлеріне де қара жаяу еместігін ерен же­тістіктерімен дәлелдей білді. Хоккейші­леріміз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), ватерполшыларымыз (қыздарымыз да, жі­гіт­теріміз де), волейболшыларымыз (қыз­да­рымыз), гандболшыларымыз (қыз­да­рымыз) бірнеше рет төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, қазақ топырағында спорттық ойындардың да аса жоғары деңгейде дамығандығын көр­сетті. Осы спорттың түрлерінен Азияда көшбасшы құрамалардың біріміз.
2006 жылы «Астана» велоклубын құрып, дүниежүзіндегі аламан бәйгелердің көрігін қыздыра бастадық. Әрі мәртебесі жоғары көпкүндік велобәйгелерде жеңісе жетіп, еліміздің абыройын асқақтаттық.
Спорттық додалардың көрігін қызды­рып қана қоймай, өз жерімізде әлем чемпионаттары мен әлем кубогының кезеңдік додаларын, сондай-ақ Азия біріншіліктерін өте жоғары деңгейде ұйымдастыра ала­тын­дығымызбен де көзге түсіп келеміз. Мұндай біріншіліктер мен додалар тұрмақ, кешенді спорт жарыстары мен сайыстарын да дүркіретіп өткізуге бет бұрдық. Осы жыл­дың басында Астана және Алматы қалаларында VІІ қысқы Азия ойындарын сәтімен өткізіп, дүниежүзіне жаңа қыры­мызбен танылдық. Осылай өркениетті елдер ғана қолға алатын маңызды да, жа­уапты істі абыроймен атқарып шықтық. Енді 2017 жылғы Дүниежүзілік ХХVІІІ қысқы Универсиаданы Алматыда өткізу құқығын жеңіп алып отырмыз. Біле-білсек, бұл да – үлкен жетістік, үлкен құрмет. Ендігі меже, ендігі мақсат – қысқы Олимпиада ойындары.
Енді 20 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерімізге атүсті тоқтала кетсек:
• Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарына 1992 жылдан бері егеменді ел ретінде қатыса бастады. 1994 жылдан бері өткен бес қысқы Олимпиада ойындарында бір алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алдық. Барлығы – алты медаль.
• Жазғы Олимпиада ойындарына Қа­зақ­стан алғаш рет 1996 жылы қатысты. Бі­рақ 1992 жылғы Барселона Олимпиадасына да қатысып, бес жүлде еншілеген. Кеңес Одағы ыдырап, әр ел Тәуелсіздігін жариялап, жеке-жеке шаңырағын көтере бастағанда 1992 жыл есіктен аттаған. Сол кезде КСРО құрамындағы 15 мемлекеттің спортшылары өз мәртебелерін анықтап үл­гермегендіктен, Каталония жеріндегі жаз­ғы Олимпиадаға Кеңес Одағының 12 мем­лекеті (Балтық жағалауы елдерінен басқалары) бір команда болып қатысқан. Осының бәрін қосқанда, жазғы Олимпиада ойындарында олжалаған жүлделері­міздің жалпы саны – 44 (10 алтын, 18 кү­міс, 16 қола).
• Ел спортшылары 20 жыл ішінде жазғы Азия ойындарына бес рет қатысып (1994, 1998, 2002, 2006, 2010 жылдары), барлығы 397 медальді (110 алтын, 119 күміс, 168 қола) жеңіп алды.
• Осы уақыт аралығында біздің спортшылар қысқы Азия ойындарына да бес рет қатысып (1995, 1999, 2003, 2007, 2011 жылдары), барлығы 164 медаль (69 алтын, 51 күміс, 44 қола) иеленді.
• 1991 жылдан бері олимпиадалық спорт түрлері бойынша 33 спортшымыз әлем чемпионы атанып, 27 спортшы күміс және 49 спортшы қола жүлдегер атанды. Яғни олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында еншілеген жүлде­леріміздің жалпы саны – 109 медаль.
• 2010 жылы Сингапурда тұңғыш рет жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары өтіп, бұл сында Қазақстан жеткіншектері екі алтын, екі күміс, екі қола медаль еншіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста