Тіл - тас жарады...

2000-3000 жігіттің ішінен бір еркек шықпағаны нені білдіреді?

  • 2000-3000 жігіттің ішінен бір еркек шықпағаны нені білдіреді?

    2000-3000 жігіттің ішінен бір еркек шықпағаны нені білдіреді?

Мен Алатауға жастарды сүйрегелі 3-4 жылдың көлемі болды. Аламанға келген әр ағымды міндетті түрде жексенбі күні ұйымдастырып, өзім бастап тауға алып шығамын. 90% алғаш шыққанда айтатыны: «Мә аға, қандай керемет, осынша жыл Алматыда тұрып жүріп, Алатауға бір келмеппін ғой, қандай ұят, масқара, енді қалмаймын, әр жексенбі шығамын».Содан таудың шағын бір биігіне алып барамын бәрі. Бәрі кезек-кезек видеоға түсіп тұрып ант береді: Енді мен әр жексенбі сайын Алатауға келуді әдетке айналдырамын. Егер де келмей, желім шығып қалса мені еркек емес, қатын деп айтыңдар» деп ант-су ішеді.


◾️

Қыздар өздерінше олар да серттерін беріп жатады. Бірақ осы 3-4 жылдың ішіндегі 2000 -3000 жігіт-қыздардың ішінен сөзін ұстай алған бірде-біреуін көрмедім(((

◾️

Маған көп адамдар мынандай уәж айтады «Ахметбек сен қазақты олай деп қорлама, оларды сен сияқты тау аралап жүретін жағдайы жоқ, от басын асырай алмай жүр, ақшасы жоқ»! Айналайындар кедейліктен құтылудың ең бірінші қадамы таңертең ерте тұрып, дене қимылымен айналыса бастау. Тәніңді ояту. Жексенбі күні тауға барып қайту үшін 160 теңге ғана тиын керек.

◾️

Екінші: Айтпа, айттың ба істе! Ешкім сені тіліңнен тартып тұрған жоқ қой. Уәде құдай аты! Серттен тайғаның өлгенің! Ердің екі сөйлегені - өлгені! Қарапайым ғана уәдеңді орындай алмасаң, басқа ірі шаруаларды қалай істемекшісің? Алға жылжудың бірінші қадамы осыдан, уәде беріп орындаудан, жалқаулықтың желкесін басып жеңуден басталмайды ма?

◾️

Өзінің денсаулығы үшін саусағын қимылдатқысы келмейтін, 3000 ға жуық Қазақ жасының арасынын сөзін ұстай алатын 1 Қазақ шықпаған соң бұл ұлттан не үміт? Не қайыр?


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 962    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.12.2018, 13:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек 2018
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31