Тіл - тас жарады...

90-100 пайыз Қазақ отырған жерде шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме?

  • 90-100 пайыз Қазақ отырған жерде шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме?

    90-100 пайыз Қазақ отырған жерде шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме?

Заманында даңқты Есет батыр ұрпағына айтқаны бар: "Бұ жалғаннан өткенде мені мұсылманша басымды Құбылаға қаратып емес, Ресей жаққа аяғымды қаратып жерлеңдер. Өлсем де Ресейді аяғыммен тіреп жатамын". Неткен рух пен намыс! Қазір сол Есет бабамыздың ауылы Ақтөбеде жүрміз. Қуантатыны - келген жобамыз "орыстілді ортаға Қазақ тілін дәріптеу" аясында болған кездесулер негізінен өз тілімізде өткені. Себеп - орташа залды толтыратын орыстілді аудитория қалмағаны. Оған қоса бүгін Ақтөбеде Қазақ тілі күні ерекше түрде аталып өтті. Көзге түскені - орыстілді ата-аналар балаларын Қазақ мектептеріне жаппай беріп жатқаны. Сол бүлдіршіндердің Қазақша тақпақтары мен өлеңдерін естідік, шаттандық. Негізі, жақсы үрдіс. Түсініксізі - осындай қазақиланған ортада, ол Ақтөбе, Алматы, Астана не Қарағанды бола ма, Қазақ тілі неліктен толықтай билік құрмай отыр? 90-100 пайыз Қазақ отырған жерде талай шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме? Бұл тығырықтан шығудың ең оңтайлы жолы - қоғамның, яки сіз бен біздің талапшылдығымыз. Жүрген жерде әрбір Қазақ баласы, өзін патриот санаған азамат тілімізді сақтап қолдап жүрсек, тіл майданында жеңіске жетеміз. Заман, заң, тарих біздің жағымызда. Керегі Ұлы Бабаларымыз ұстанған рух пен намысты ояту. Онсыз өр көкіректі ел болмаймыз. Ортақ мүдде мен іс осы.




Көрілген: 3256    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 22.09.2017, 21:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31