Тіл - тас жарады...

Адам арам ақша тапқанына намыстану керек, қандай жұмыс істегеніне емес

  • Адам арам ақша тапқанына намыстану керек, қандай жұмыс істегеніне емес

    Адам арам ақша тапқанына намыстану керек, қандай жұмыс істегеніне емес

Бүгін менен бір танысым ақша сұрады, аз емес, бірталай ақша. Қолымда болғанда қомақты қаржыны да беретінімді білетін-ді. 2 баламен үйде отырып, баласының ақшасына күн көргенін, бір жасқа жеткендіктен жәрдемақысы тоқтағанын, күйеуінің жұмысы жүрмей қалып, қыс бойы үйде отырғанын, соған енді бір жаңа іс бастамақ ниетте екендігін жеткізді. «Басқа жұмыс іздеп, қарастырып көрмеді ме?» деген сұрағыма: «Өзінікі жақсы ғой, тек тоқтап тұр», - деді. «Қыс бойы қалай, базарға барып жүк тасыса да нан таппады ма?» дегеніме: «Намыстанады ғой, ондайға түсірмей-ақ қойсын», - дейді. «Саған сұратып отырғанын сезіп тұрмын, жаныңда күбірлеп отыр ғой. Телефонның дыбысын ашшы, естісін, алдымен өзіңе жақсы болады», - дедім. Ашқанын білдіріп: «Сол... сенен бір көмек бола ма деген ғой біздікі...» - деп кідірді. Сонан соң: «Кешірші, бірақ адам арам ақша тапқанына намыстану керек, қандай жұмыс істегеніне емес. Мен өзіме осындай талап қоямын, ол менің жанымда еркек қой. Ол отбасын асырай алмағанына намыстансын! Қыс бойы баласының ақшасына тамақтанғанына намыстансын! Әйелін өзгелерден ақша сұратуға жеткізгеніне намыстансын!» - деп ем, үнсіз қалды. Екеуі де.

Қанша отбасы дәл осы өр намыс пен көр намысты ажырата алмайтындардың кесірінен құрдымға кетті. Азаматтар-ау, тірек дейді сіздерді, намыстарыңызды жоғалтпаңыздаршы, бар байлықтарыңыз сол ғой – біздің арымыз секілді. Ол тапталған күні қоғам азады.

Былтыр көктемде болған жайт. Жазып қойып, жариялауды ұмытып кетіппін. Бірнәрсе ақтарып отырып, алдымнан шықты. Содан есіме түсіп, әлгі азаматпен сөйлестім. Өзім қоңырау соқтым. Алдымен әйелінен нөмірін, көкіректі жиып қойып жұмысқа кіріскенін, қандай тірлік табылады, бәрін білек сыбанып істеп, бір үйдің кірпішін өріп, келесінің жылуын жүргізуге жәрдемдесіп жүргенін естіп алдым. Ал өзінен отбасының жайын сұрадым. Жағдайын сұрадым. Жақсы екен. Баласын бақшаға беріп үлгеріпті, жарын жұмысқа шығарыпты. Өзі толассыз тапсырыстарының арасында әйелі мен ұлын тасудан қолы босамай жүр екен. «Мені мазалауға мұршаңыз болмай жүрсе, керісінше қуанам ғой», - дедім. Ол: «Е, жігітті жылы сөз емес, қатты сөз қайрайды ғой...» - деді.


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1205    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.07.2018, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31