Алаш баласы, айнаңа қара!

сенбі, 29.04.2017



Тіл - тас жарады...

Ағаңның бүкіл жалақысы келген комиссияны күтуге кетеді ...

  • Ағаңның бүкіл жалақысы келген комиссияны күтуге кетеді ...

    Ағаңның бүкіл жалақысы келген комиссияны күтуге кетеді ...

"Ағаңның бастық болғаны құрсын, бүкіл жалақысы сырттан келген комиссияны күтуге кетеді. Комиссиясы да таусылмайды, келе береді, келе береді",- деп кейіп еді бірде туған жеңгем... Сол айтқандай, біздің елде қалыптасқан "комиссия күту" үрдісінде Гогольдің "Ревизоры" жолда қалатын шығар.

Қазақстанда кез-келген деңгейде іс-сапарға шығушыны немесе комиссияны күтіп алудың өзіндік бұлжымас "тәртібі" орныққан. Ол "тәртіп" кәдімгі қатып қалған қағидаға айналған. Бұл ресми емес "заңдылық" - комиссия боп баратындарды оңай олжаға кенелткенімен, аймақтағы онсыз да жалақысы аз мемлекеттік қызметкерлерді қызыл шығынға батырады. Десе де, бұл сеңді бұзуға ешкімнің дәті бармайды. "Шектен тыс қонақжайлықпен" күресуге шеттегі мемқызметкер дәрменсіз. Қорқады...

Комиссия болып келгендердің аяғы сенің "территорияңа" түскен бойда, жалпылдап күтіп аласың, алдына ала ақшасы төленген қонақүйіне түсіресің, үш мезгіл тегін тамағын бересің, кешкілік саунасы бар, көңіл-көтеру орындарына апарып аста-төк дастарханын жаясың, қаланың ең сәнді жерлерін аралатасың, сөйтіп "әкелеп-көкелеп" қалтасын ақшаға, сөмкесін сыйға толтырып шығарып саласың. Сосын жүргенің жергілікті бизнесмендерге жеккөрінішті болып немесе жұрттан алған қарызыңды қайтара алмай қара бет болып. Ал, Астанаға бара қалсаң, әлгі ақ тер - көк тер боп күтіп алғандарың амандасуға жарай ма екен өзі))))))

Қаржы министрлігінен Қарағандыға комиссия боп барған топ мүшелері сотталды жуырда. Барған жерлерінен миллиондап ақша алып, қаладағы сауда үйіне киім алып жатқан тұста қолға түсті. 10 жылға сотталып кетіпті.

Дариға Назарбаева бүгін: "Нужно жестко регламентировать процедуру или порядок приема командированных у себя в регионах. Здесь тоже нужна жесткая дисциплина. Акиматы стараются изо всех сил угодить гостям из Астаны", - деді.

Комиссияны күтіп алу деген рәсім кәдімгі міндетке айналып еді. Мына әңгіменің шеті шыққаны дұрыс болды...


 

Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 496    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Сәуір, 08:51
    Тағы халық кінәлі...
    25 Наурыз, 20:32
    "Наурыз ботқа"
    18 Қаңтар, 14:49
    Банальный бақыт
    21 Қазан 2016
    Қазақша «понт»
    30 Тамыз 2016
    Жеті атаға талас

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30