Тіл - тас жарады...

Әкім мырза бюджетке масыл болып отырған бастықсымақтарды қысқартса қатып кетер еді

  • Әкім мырза бюджетке масыл болып отырған бастықсымақтарды қысқартса қатып кетер еді

    Әкім мырза бюджетке масыл болып отырған бастықсымақтарды қысқартса қатып кетер еді

Астана әкімі Асет Исекешев қала шенділерін жұмысқа таксимен келуді міндеттейтінін мәлімдеп отыр. Бюджет қаржысын үнемдеу үшін 2018 жылдан бастап қала әкімі осындай қадамға бармақ екен. Расында, бұл өте көп қаржы үнемдейтін дұрыс қадам. Қазір 30-40 қызметкері бар шағын мекеме директорларының өзі қызметтік көлік мінеді, арнайы шофер ұстайды. Онымен қоймай оққағарлары да бар. Дәл сондай шолан-шошырақ "лақ-текелер" мен "қысыр ешкі, шыбыштарды" көрсең, күлкің келеді. Қазір сондай кішігірім мекеменің жартыкеш басшылары сұмдық бюрократ. Бір тығыз шаруамен бара қалсаң, есегінен қаратпауға да бар. Қарауындағы қызметкерлерінің өзі кіре алмай сағаттап кезекте тұрғанын көресің. Одан гөрі министр мен әкімге барсаң, қабылдауына тезірек кіруге болатын шығар. Ал, әлгі шағын мекеменің шәләңгір директор сымақтары кабинетінде мұрнын шұқып текке отыр ма, егер қатын-қалаш директор болса, бетін бояп, шашын тарап отыр ма, ол жағын ит біліп пе. Бірақ, түк істемей отырғанын анық аңғыруға болады. Шын мәнінде, көлік мінетіндей тындырып жүрген шаруалары да жоқ, оққағар ұстайтындай оны алатын жау да жоқ, ешбір қауіп та төніп тұрған жоқ. Құдайдан ажал келсе, обед ішіп отырып қақалып та өле салар. Соны да білуге түйсігі жетпейтін, ештеңе тындырмайтын, сөйте тұра бюджетке масыл болып отырған бастықсымақтардың санын күрт қысқартып, бюджет ақшасын үнемдеудің ең тиімді жолын әкім мырза қолға алса, тіпті қатып кетер еді.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1621    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.12.2017, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31