Тіл - тас жарады...

Әкімдер қанша қатырдық десе де оңалған елдің жайын көрмедім

  • Әкімдер қанша қатырдық десе де оңалған елдің жайын көрмедім

    Әкімдер қанша қатырдық десе де оңалған елдің жайын көрмедім

Жұма күні "Нұр Астана" мешітіне барғанмын ғой. Есіктің алды толған қайыр тілеушілер. Шешеңдей кісілердің қайыр тілеп отырғаны жақсылықтың нышаны емес. Бірнешеуімен тілдесіп көрдім. Не үшін қайыр тілеп тұрсыз десем, дәрі алуым керек дейді. Жүріңіз дәрі әперейін десем дәрі керек емес ақшалай бер дейді. Тағы бір кісі Тараздан кепті, қызым жұмыс істейді, екі балам мектепте, қызымның ақшасын пәтерге жұмсап, қайыр тілеп тапқан ақшама тамақ алам дейді. Неге жұмыс істемейсіз десем. Ауырам дейді. Астананың бәлністері қарамайтын көрінеді, пенсияға жасы жетпеген, мүгедектікке шығармай тастаған көрінеді. Аяқ-қолы сау сияқты. Жүрегім ауырады дейді. Тағы бір кісі қолына жәшік ұстап алып қайыр тілеп тұр. Сыртына балам ауру деп жазылған. Баласының ауырғанын уайымдаған, жүзін мұң басқан адамға онша ұқсамайды. Қасындағы кісімен өсек соғудан аузы босар емес. Әңгімелерін бөлгім келмеді. Мүмкін расымен баласы науқас шығар, жазылып кетсін.

Жалпы осындай тілемсектер неге көп, осылардың жағдайын сұраған біреу бар ма, мүмкін әділетсіздіктен шаршап осындай жолға түскен шығар. Гульмира Абыкай сияқты мәселерін Дау-дамайсыз шешіп беретін адам керек шығар. Әйтеуір ешкім жетіскеннен қайыр сұрамайтыны анық.

Кеше Арқалыққа келіп мешітке бардым. Шүкір біздің Арқалықта қайыр тілеушілер жоқ екен. Бірақ қала халқы қайыр тілеудің сәл-ақ алдында тұр. Бірнеше үйге кіріп шықтым, суық үйде отыр. Көмір алатын ақшалары жоқ, көмір алса тамаққа жетпейді, тамақ алса көмірге жетпейді. Жалақы сол 30-40 мың теңге қалпы, баға бой беретін емес. Зейнетақы өскен-мыс. Бағаны өсіре бергенше халықтың жағдайын да бір ойлап қойсаңдаршы. Халықтың да жейтін ауызы, киетін киімі, төлейтін кредиттері бар дегендей. Азғантай жалақы қайда жетсін. Шұбаркөлдің дәл іргесінде тұрсақ та көмір қымбат. 1 тоннасы 17 мың екен. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көмір сатушылармен меморандум жасап көмір бағасын 12 мың теңгеге арзандатқан-мыс. Қаланың шетіндегі көмір сақтайтын қоймада көмір бағасы 12 мыңнан екені рас. Бірақ одан көмір әкелу үшін 3-4 мың теңгеге көлік жалдайсың. Оған барып көлік жалдап көмір әкелгенше одан да көше аралап сатып жүрген камаздардан 17 мыңға алсаң қайтеді. Несіне әуре боп меморандум жасаған, көмір қоймасындағыларға өзінің ақымақ екенін көрсету үшін бе? Бағаны төмендеткіш болса қоймадағы көмір бағасын бұрынғы бағасы 7 мың теңгеге түсіртсін.

Қаланың кейбір көпқабатты үйлері жылымай тұр екен. Жертөледегі жылу құбырларын жөндеуді міндетіне алған "Іскер" мекемесі тұрғындардан ақша жинауды уақытында жүзеге асырғанмен, жөндеу жұмыстарын жасауды уақытында істемейді екен. Қаланың жағдайы осы.

Ауылдардың жағдайы да оңып тұрған жоқ. Облыстағы ең шалғай ауыл Ақшығанақ тұрғындарына өзеннің жиегінде өсіп тұрған жыңғылды отын ретінде шабуға тыйым салыпты. Тосын құмынан жиде ағашын да отынға ала алмайды. Себеп табиғатты қорғау екен. Бұл ауылдың аумағы "Алтын дала" киіктерді қорғау аумағына кіреді екен. Табиғатты қорғаған жақсы ғой әрине. Бірақ ол үшін жолын жөндеп, арзан көмірмен қамтамасыз ету керек. Киікті қорғаймыз деп жүріп ауыл халқын үсітіп өлтіріп алмадық па, сол ауылдың жағдайын сұраған біреу бар ма?

Менің ше жиде, жыңғылды отынға алуға рұқсат беру керек. Ол ауылдың халқы киік атпайды. Өз туған ауылым болғасын жақсы білем.

Оның үстіне киіктерді қорғап жетістірдік қой, улап өлтіріп. Төбеңнен у сорғалайтын болса қорық құрып қорғадың не, қорғамадың не.

Бір сөзбен айтқанда халықтың жағдайы Африканың кедей елдерімен бірдей болып тұр. Қайта қыс болмайтын, көмір жақпайтын Африка елдері бай шығар бізден. Әкімдер қанша қатырдық десе де оңалған елдің жайын көрмедім. Рас қатырып жатыр. Дірдектетіп, тоңдырып, "қатырып" тастап жатыр. Осы айтылған жайларды меморандум жасағыш әкімге жеткізе саларсыз Jiger Sarsen мырза.


Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1670    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.02.2018, 10:26

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Желтоқсан 2017
Халықты ақымақ санайды

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30