Тіл - тас жарады...

Әкімдер қазақ тілді тілшілердің ауыздарын буып, байлап тастаған ба, əлде...

  • Әкімдер қазақ тілді тілшілердің ауыздарын буып, байлап тастаған ба, əлде...

    Әкімдер қазақ тілді тілшілердің ауыздарын буып, байлап тастаған ба, əлде...

Өткен жұма 13 сәуірде орталық коммуникациялар қызметінде "Ақтау жолдары" мəселелеріне арналған жиында (брифинг) болдым.

Бұл жерге алғашқы рет бас сұғуым. Бір жағынан есік ашық дегесін туындаған жұмысшылардың жағдайларының түйткілдерін бір жақты қарағандай болмай əкім, басшылардың өз ауыздарынан естиін деп бардым.

Айтпағым... жиындағы сұрақтардың түгелге жуығын орыс тілді басылымдар мен сайттардың тілшілері қойды. Өз кезегінде екінші рет осында қатысып отырған "Азаттық" тың тілшісі Сəния Тойкен өзін мазалаған сауалдарын берді.

Ал орыс тілді басылымдар мен сайттардың тілшілері əрқайсысы 4-5 сұрақтан беріп жиында өздерін еркін сезініп отырды. Тіпті жиын аяқталғасын қала əкімінен арнайы сұхбат алды. Мемлекеттік телеарнаның жергілікті тілшісінің  қаланың 55 жылдығына қандай ерекше шашулар болады дегені есімде қалыпты. Жиынды ұйымдастырушылардың бірінен қазақ тілді журналистердің сұрақ беруге немқұрайлылық танытып селсоқ отыратындығы ылғи осындай ма десем қынжыла жымиып ия деп жауап берді.

Япырмай, сонда ішкі саясат пен əкімдер қазақ тілді тілшілердің ауыздарын буып байлап тастаған ба деп əлде оларды жергілікті осындай өзекті өткір мəселелер қызықтырмай ма толғандырмай ма деген еріксіз ойға қалдым.

Қателеспесем.. қала əкімі Ниязов тек қазақ тілінде сөйлеп отырды.

Бұған да..шүкір!..


Нұркамал Аязбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1784    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31