Тіл - тас жарады...

Ақсақалдардың сұрағы мен талабы: "Біздің рудан неге басшы қоймайсың?

  • Ақсақалдардың сұрағы мен талабы:

    Ақсақалдардың сұрағы мен талабы: "Біздің рудан неге басшы қоймайсың?

ЕЛІҢ КІМ?


Мен осы сұрақты әлі күнге дейін түсінбеймін.

Болған жайт. Жыл сайын Кеңес әскерінің қатарында болған достар бильяртан жарыс өткіземіз. Ауыспалы кубогымыз да бар. Оншақты жыл бұрын, балалар кішкентай онда, ұлдарды бірге алып келеміз деп шештік. Көрсін әкелерінің бос уақытта немен айналысатынын? Жиналдық. Бірқыдыру елміз. Қазір дәу жігіт болып кеткен ұлдардың ол кезде столдан басы ғана қылтиятын. Менің ұлым достардың балалары құсап бильярд столына қолы жетпесе де тыраштанып бірдеңе істеп жүрген. Бір уақытта алыс достардың бірі келіп ұлымды тілге тартты:

-Елің кім?

-Қазақпын.

-Жоқ, елің кім деймін?

-Қазақстан.

-Елің кім, руың кім, қай жүзсің деймін?

Ұлым маған қарады:

-Пала, ол не?-деді. Мен жай ғана:

-Дұрыс балам, елің де, руың да Қазақстан сенің, - дедім. Содан соң әлгі досыма:

-Баланың басын қатырма. Білмейді ол руды да, жүзді де. Мен ұлыма ру мен жүзді үйретпеймін. Уақыты жеткенде білетін шығар? Мен оған қазақсың деп қана үйретемін.

Досым маған ренжіп сала берді:

-Пәлі, сен біраз нәрсе біледі деп жүрсем? Руы мен жүзін білмей қалай қазақ болады ол? У ішсең руыңмен іш демей ме? Баланы бастан. Дұрыс емес мынауың, - деп күбірлеп кетіп қалды. Біреудің пікірін көңілге алатын адам мен емес, назар аударған жоқпын. Бильярдты соғып жатырмыз. Бір сағаттан кейін әлгі досым қасыма қайта келді. Бүкіл залға естіртіп былай деді:

-Мен бағанадан бері ойландым. Сенікі дұрыс екен. Қазақ баласынан "елің кім?" деп қазбалағанда не ұтамыз осы? Басқа елі бар болса оның несі қазақ сонда? Бір қазақты елге бөліп бөлшектегенде ұтарымыз қайсы? Ру емес, енді бір қазақ деген елміз ғой біз. Ру айтылған жерде бүтіндік жоқ. Бәрібір - құрама. Құрама - ыдырайтын дүние. Ал, ұлт - тұтас, бір, құйма деген сөз. Сондықтан сенікі дұрыс. Мен де ұлымды солай үйретемін енді.

-Әрине, солай,- дедім. Басқа не айтуым керек еді? Әлде, ұлттық бірлік туралы әңгіме қозғауым керек пе еді? Бізден басқа елдерде "ұлттық бірлік" деп елдегі саяси күштер мен ұлттардың бірлігін, мемлекеттің тұтастығын айтады. Біз қазақ руларының ауызбіршілігін ұлттық бірлік деп түсінеміз. Яғни, өзгелер құсап ел мен жерге иелік етуді емес, алдымен өзіміз басымызды құрап алайықшы деп алақан жайғызған шарасыздықты меңзейміз. Қазақтың ұлттық бірлігіне байланысты соңғы естіген "жаңалығым": бір үлкен рудың ақсақалдары жиылып, облыс әкіміне барыпты. Сұрағы мен талабы: "Біздің рудан неге басшы қоймайсың? Енді басшы қоймайтын болсаң, біз сенімен ренжісеміз" болыпты. "Ұлттық бірліктің" қазақша критерийлерінің бірі. Қазақтың ұлан-ғайыр даласы мен кең пейіл еліне иелік етуді айтамыз, қайда оған, бір сайлау болса, алдымен "елі кім екен?" деп ру сұрай бастайтынымыз анық қой. Ұлттық бірлік. Өзге ұлттарды бауырымызға тартып жол көрсету, жұдырығыңда ұстау - алыс бізге. Ядролық қару ұстамайтын мемлекет ретінде ядролық зымырандардан бас тартқанымыз қаншалықты дұрыс болған десеңізші! Әйтпегенде.... ұлттық бірлік қайда? Онда, ядролық қарудың құлағына таласар ма едік? Сонымен, елің кім бауырым?


Serik Zhanbolat

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 807    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 31.08.2017, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30