Тіл - тас жарады...

Ал мына асыра жеушілер қашан тоят табады?

  • Ал мына асыра жеушілер қашан тоят табады?

    Ал мына асыра жеушілер қашан тоят табады?

Бала кезімде картошканы шоққа пісіріп жегенді жақсы көретінмін. Ата-анамыздың көзін ала бере ошақтың астына бірнеше картошканы көміп қойып, ол піскен соң ешкімге көрсетпей қора-пораның бұрышына тығылып жүріп жеп алатынбыз. Бұл əдетімді көпке дейін тастай алмадым. Сыныптасым Меруерт екеуміз қой бағып жүріп талай рет картошка жедік. Түйеқарын тікенек шөптерді тау қылып үйіп өртеп, жанып жатқан отқа үйден ұрлап алып шыққан картошкаларды лақтыратынбыз.От толық жанып біткенде картошкамыздың өзі түгілі ізін де таппай қалатын едік. Қатты жанған оттан күлге айналып жоқ болатын. Оттан аман қалғандарын жеп, аузымыз күйелеш-күйелеш болып үйге қайтатынбыз. Тұрмысқа шығып, тұңғыш ұлыма аяғым ауырлағанда, күйген картопқа деген жеріктігім ашылды. Енемнің көзін ала бере, бірнеше картопты отқа қақтап, тамның арқасына барып жеп алатынмын. Күзетші күйеуім. Мен толық жеп біткенше айналаны барлап, адам келіп қалмауын бақылап тұрады. Адам келе жатса "қауын" деп белгі береді. Ондай кезде жеп отырғанымды дереу тыға қоямын. Соны қазір ойлаймын ғой. Кезінде қора, тауық кепені ,тамның арқасын паналап тығып жейтіндей басыма не күн туды екен? Көрсетіп жесем де ұрыспас еді ғой. Жоо бірақ көрсетіп жегеннен көрсетпей жеген шынымен де дəмдірек болады екен. Бірақ бойға сіңуі қиын. Қазір де қызметін асыра сілтеп пайдаланып, ешкімге көрсетпей тығып жеп жүргендерді енді түсініп жатырмын. Тəтті болғаннан кейін жегісі келіп тұрады екен де. Бір ауызданып қалған соң қиын ғой əрине. Содан кейін жүргені сол, ұсталып қалмайын деп жан-жағына алақтап. Мейлі ғой біз картошка мен конфетті тығып жеуден, сонымен қатар піспеген қауын қарбыздарды пəлегінен жұлмаған күйі бір тілігін кесіп жеп кетуден ары аса алмадық. Оны бойжете келе тоқтаттық. Бəлки ақылымыз кірген де шығар. Ал мына асыра жеушілер қашан тоят табады? Қашан ақыл кіреді.екен?


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1766    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.03.2018, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31