Тіл - тас жарады...

Ала қойды қалай қырыққан жөн болады?

  • Ала қойды қалай қырыққан жөн болады?

    Ала қойды қалай қырыққан жөн болады?

Латын шынға айналатын түрі бар. Əліпбидің саяси тамыры тым тереңде болатыны белгілі дүние. Бодан психологиясынан арылу үшін де керек екені анық. Бірақ менде бір қорқыныш бар... Онсыз да барлық салада қырық құрау болып, жік-жікке бөлініп отыр едік. Бөлінуге болатын жəне болмайтын жердің бəрінде екіге жарылу бар. Енді келіп кириллицашылдар мен латыншылар деп бөлінеміз бе деп қорқамын. Орыс тілді мектептер, əлбетте, кириллицада қала береді. Оларға "сөз жоқ көшесіңдер" деп пəрмен беретін құдырет жоқ бізде. Сөйтіп, бір бүтін болудың жолын таппай отырған ұлтты қидалайтын тың шекара пайда болмай ма? Онсыз да қазақ жəне орыс тілді болып бөлініп отырғанымыз белгілі. Сол сызатты шегелеп бекіту болып кетпей ме мына латыншамыз? Ал, қазақ тілді қазақтың өзі екіге жарылатыны анық боп тұр қазірдің өзінде. Бəлкім, алдымен, ұлттық мемлекеттік идеологиямызды бекітіп алу керек пе еді? Жалпақшеше ұстаным бізді одан əрі тоздырып жібермей ме? Ертең ұлттық бірлік деген ұранды біз латыншылар мен кирилшілерге қарата айтып жүрмейміз бе? Қайталап айтайын, латынға қарсы емеспін. Бірақ, алдымен ұлттық мемлекеттік ұстанымның үстемдігін орнатып алу керек пе еді? Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайдының кебін киіп қалмасақ болғаны.


Serik Zhanbolat

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1685    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30