Тіл - тас жарады...

Алашты бизнестің көзіне, ақша табудың көзіріне айналдырудан да арланбаймыз

  • Алашты бизнестің көзіне, ақша табудың көзіріне айналдырудан да арланбаймыз

    Алашты бизнестің көзіне, ақша табудың көзіріне айналдырудан да арланбаймыз

Бүгін Әлекеңнің - Әлихан Бөкейханның нақақ атылған күні. Әлихан Нұрмұхамедұлын әлі де өзінің тұлғалық тұғырына шығара алған жоқпыз деп есептеймін. Иә, Алаш туралы айтқанды, тамсанғанды әлдебір құрама жинақтар шығарғанды, реті келсе сөз арасына қосып алашшыл екенімізді, солардай ұлт қызметшісі болып жүргенімізді емеурінмен айтқымыз келіп тұрады. Тіпті Әлекеңді, Алашты бизнестің көзіне, ақша табудың көзіріне айналдырудан да арланбаймыз. Өйткені тарихи жады кіресілі-шығасылы сал қоғам кім не айтса да қылғытып жұта береді. Сосын, қазіргі билікке жақын кейбір азаматтар да екі кеменің құйрығын қатар ұстап әрі алашшыл әрі билікшіл ұстанымда жүргендерін де жасырып қайтеміз. Әлекең біздің мұндай солқылдақ, екіжүзділігімізд3 көрсе, "Қазақ" газетінде сойып салар еді.:) Сондықтан уақыты келгенде, өреміз өскенде тарихи тұлғаларды соның ішінде Әлекеңнің тарихи тұлғалық тұрпатын арнайы мәртебемен бекітіп, кім көрінгеннің ол кісінің атын пайдалануына жол бермейтін, Астананың бас алаңында айбатты ескерткішін орнатып, елдің әр қаласы, ауданы мен ауылындағы "Тәуелсіздік", "Мәңгілік ел" көшелері мен даңғылдарын Әлекеңнің атына ауыстырып нағыз рухани жаңғыратын күн туады деп үміттенемін!

Ә.Бөкейханның осы бір суретін жақсы көрем. Әйгілі ақ қалпағын киіп түскен суреті ғой.



Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1002    Пікірлер: 0

жұма, 28.09.2018, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31