Тіл - тас жарады...

Әлде бір жымысқы саясат бар ма өзі?!

  • Әлде бір жымысқы саясат бар ма өзі?!

    Әлде бір жымысқы саясат бар ма өзі?!

Өткен жолы Байқоңырдан ұшып шыққан Ресейдің «Союз -2.1а» зымыранының блоктары Жазқазған маңындағы далаға құлап, соның салдарынан 12 сағат бойы даланы өрт шарпып, кесіренен Қазақстанның бір азаматы қайтыс болып, екіншісі күйіп қалғаны естеріңізде болар. Ресей тарабының мәлімдеуі бойынша аталған зымыранда гептил емес, керосин пайдаланылған-мыс. Жезқазған өңірінен 300 шақырым қашықтықтағы Торғай жерінен осы апта басында келген едім. Жерлестерімнің айтуынша сол уақытта бүкіл дала түнеріп кеткен, даланы жағымсыз иіс жайлап, адамдардың басы айналып, құсқысы келген. Енді, бұл оқиғадан өзге, былтыр жазғанымдай Ақшығанақ өңірін зымыран қоқыстарын тастауға Ресей Үкіметі Қазақстан билігінен сұрағанынан құлағдар боларсыздар, ол туралы жоғары лауазымды бір шенеуігіміз: "ол жерде халық тұрмайды, бос жатқан жер" деп білгішсінген еді.

Алдыңғы жылы адам түгіл киіктің өзі осы гептилдің құрбаны болып, ширек миллион дала кербезі қарылып қалып еді

Жығылғанға жұдырық дегендей, менің ауылымнан тура 35 шақырым қашықтықтағы Шөптікөл деген жерді Ресей әскерилері тағы сұрап отыр. Елге: "амбулатория салып береміз, жағдайларыңа қарайласамыз, зымыран құлайтын уақытта көшіріп, одан кейін қайта алып келеміз" дейтін көрінеді. Бұрын қазақтың бас ақыны Абай елі полигон құрбаны болып еді, енді Ахаң мен Жахаң (Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов) елі сынақ алаңына айналмақшы ма?! Әлде бір жымысқы саясат бар ма өзі?!

Қысқаша айтқандай елдің мазасы кеткен, көңілі күпті!

Ағайындар! Эмоцияға берілмей не істеу керектігін ойласайық!


Amandiq Amirkhamzin

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2577    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 29.06.2017, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30