Тіл - тас жарады...

Айтулы әнші босана бере «селфи» жасапты ...

  • Айтулы әнші босана бере «селфи» жасапты ...

    Айтулы әнші босана бере «селфи» жасапты ...

Газет өтті...


Абыр-сабыр болды да кетті. Жұрт сеңдей соғылысып, іздеуге кірісті.

- Табыңдар, табыла ма? Табу керек!

Бастық айқай салды. Өзгелері іздеуде. Қасында әлгі бір әншінің әлгі бір продюссері. Сабыры сарқылған. Сағатына қарай береді. Енді басын шайқады.

- Туу, тез болсашы...

- Табылады қазір. Мұндай жағдай, табылмай көрсін.

- Енді ол жай концерт емес қой. Ірке тұратын. Қатардағы түсірілім де емес. Дубльге көнетін.

- Қазір, асықпаңызшы, қазір табылады. Табылды ма,ей?

Табылды. Съемкаға енді шыққанның бірі күрт кері бұрылыпты. Камера керек болған соң. Анығын айтқанда кері қайтарды. Продюссер шала бүліне беріп, орнына келді де, көлікке беттеді. Тілшілер тобы соңынан салды.

Естідік. Естіртті. Айтулы әнші босанғалы жатыр. Толғаққа жауапты көмекшінің көзі ілініп кеткен бе, тв-ға дер кезінде хабар берілмеген. Содан продюссердің өзі келіп, ұйымдастыру ісіне жегілген екен.

Кеткендер оралды. Абырой болғанда, үлгеріпті. Әнші де мықты ғой. Шама келгенше күткен. Шыр етіп, жерге, ой, қолға түскені таспаға тартылды. Қазір жаңалықтарға сұранып тұр. Жұрттың күткені де осы еді ғой. Берілер, көрілер...

Кереметі ертесіне көрініс алды. Әлгі әнші босана бере «селфи» жасаған. Соны газеттердің бірі сұратқан. Қолға тие, нөмірге салған. Оны біреу әлеужелі арқылы хабарлап, сүйінші сұраған. Қала таң қалған көрініс мынау еді. Қалың жұрт киоскілерге қарай ағылды. Бері бұрылғандардың қолында бір-бір газет. «Селфи» «сұмдық» ұнап жатыр..

- Елге не болған, - деді киоскідегі кісі,- талайдан газетті талап алмап еді...

Ішіндегі «селфиден» бейхабар еді.. Өйткені әлеужеліде тіркелмеген...


Аман Сейітқанов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2461    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31