Тіл - тас жарады...

Балалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті

  • Балалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті

    Балалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті

Алға балалар үйінде "Сағындырған әндер-ай" атты "Дос-Мұқасан" репертуарынан керемет ретро концерт болды. Балалар да, мұғалімдер де жанып тұр-ау, жанып тұр! Тіпті бұл жердің аспазы да, еден жуушысы да әнші, биші! Бәріміз қосылып ән шырқап, жырғап қалдық... Жырғауын жырғадым-ау, түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым...

Алға балалар үйіне осыдан жиырма жыл бұрын Кенжеғазы Байғазин (белгілі режиссер Эмир Байғазиннің әкесі) басшы боп келді. Мәскеуден қамтамасыз етілетін жетім балалардың тамағын үйіне таситын әнебір шошқадай қатындармен соғыс басталды алдымен. Одан кейін шетелден келіп, өздерінше балаларға мейірім көрсеткен-сымақ болып, біздің қаракөздерді өзге дінге баулып жүрген миссионерлерді тырқыратып қуды! Сосын...5-7 жастағы балаларды сүндеттеп бастады. (Тіпті бір-екі орыс баланы да сүндеттеп жіберіп, айқай әрең басылған))) Талай жетім баланың олар детдомда жүргенде әлдекім иеленіп кеткен пәтерлерін қайтарып, қанша сотқа жүгірді?

Бір кезде 500-ге тарта бала болған бұл мекемеде қазір 18-ақ бала қалыпты. Күшті, иә, бір қарағанда! Бірақ... сол отбасылық үйге алынған балалардың бәрінде детдомдағыдай жағдай бар ма? Байғазиннің темірдей тәртібі бар ма? Жетім балалар неге сауын сиырға айналып кетті? (Бала асырап алғанға төленетін ақша жақсы) Әрине, бәрі бірдей сондай демеймін, бірақ баланы алып алып, басын биттетіп, үстін кірлетіп, тек ақшасын алып отырған патронаттар бар! Басымды кесіп алсаңдар да, бар! Тіпті бір-екі баланы айқайласып жүріп детдомға қайта қайтартқам!

"Саясат қой" деп күмілжиді осы саланың мамандары. Тап мұндай саясатыңның! Сонда балабақшаларды жекеге береміз, детдомды таратамыз, мектеп, аурухана жекеге беріледі- сонда бұл мемлекет бізге неге керек?

Түнімен... әлгі концертке келген детдомнан мектеп бітіріп үй болып, отау көтерген балалардың бір сөзі есімнен кетпей қойды: біз енді өскен үйіміз деп қайда келеміз? Анда-санда келіп тұратын бір ордамыз еді... дейді көздері жасаурап.

Бала таусылды (дұрысы - ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті), енді ондаған жылдар бойы тістесіп жүріп, облыста жоқ, республикада бірді-екілі кездесетін базасы бар балалар үйінің ғимараты кімнің қолында кететіні де белгісіз. Тулаққа таласқан біреулер құсап екі жылдан бері лихорадка.

Құрысыншы, қолында бар, қонышынан басатын біреу ие болар ғимаратқа, тек жаппай әркімге таратылып кеткен, таратылып жатқан балаларды айтам та. Құдай-ау, тіпті өзінің ертеңі - балаларына да жаны ашымайтын не деген безбүйрек елміз?

...Байғазиннің запыран араласқан жымиысы әлі көз алдымнан кетер емес...


Шара Турмаганбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31