Тіл - тас жарады...

Бәленше Бәленшейібич деп қазақ сорлы ғана тілін бұрап жатады

  • Бәленше Бәленшейібич деп қазақ сорлы ғана тілін бұрап жатады

    Бәленше Бәленшейібич деп қазақ сорлы ғана тілін бұрап жатады

Ел ермекке айналып кетті ме, өзгерту де, енгізу де, қол қою да оңай болып тұр. 2 айдан соң тағы өзгерсе қайтеміз? Қырғын ақша шығарып ребрендинг жасаған арналар, радиолар, атауларын апострофпен жазып үлгерген газеттер, аудандар қалалар қайтеді? Ебелек ұқсап елпілдеп, саясат желімен бірге домалай бере ме? Егер әкелерінің ақшасына "домалап" жүрсе өз еріктері. "Әріп дыбыстың таңбасы ғана" дегенді ұға қоймағандар тағы бір нұсқа жасапты. Асхат, Ашот, Асхана дегенді жазып көріңіз? Біз дұрыс оқығанымызбен басқалар былықпай ма? Әлде әр Асхат өзімен тілдесе қалған әр шетелдікке "менің есімім Ашат емес, Асхат! Дұрыстап оқыңыз!" деп жүре ме? І мен і-ні айтпай-ақ қойдым: kiik пен biikti (кіік пен біік) балаларымыз қалай қабылдарын құдай білсін. Ең бастысы, төбесі түртілген А-ні (таба алмадым) шетелдіктер жат әріп санайды, оларға ол не, "ә" не айырмашылық жоқ. Сосын баяғы -в, -ч-ны қосып 32 таңбаға апарыпты. 28 дыбыс, 32 әріп. Бұл - әр елдің басшысының есімін дұрыс айту керекпіз, өйтпесек колхозник болып көрінеміз, деген ұстанымнан болса өзгелер де қазақты мойындап, аты-жөнімізді біздің орфоэпиямен айтсын. Алжас, -улы деп уламай, Олжас, -ұлы деп нық атасын. Ал егер бұл олардың фонетикалық ерекшелігі десек, өзімізде де ондай ерекшелік барын ұмытпайық. Әйтпесе Бәленше Бәленшейібич деп қазақ сорлы ғана тілін бұрап жатады.


Serik Abiken

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1338    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 12:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30