Тіл - тас жарады...

Батыс елдерінің өзі итті үйде ұстауды қайта қарап жатыр. Бізге де ойланатын кез келді

  • Батыс елдерінің өзі итті үйде ұстауды қайта қарап жатыр. Бізге де ойланатын кез келді

    Батыс елдерінің өзі итті үйде ұстауды қайта қарап жатыр. Бізге де ойланатын кез келді

Алматы қаласы əкімдігінің назарына! Қазір қаламыздың "спальний" аудандарының біраз бөліктерінде кеңестік заманнан қалған ескі-құсқы, əбден тозығы жеткен ойын алаңқайлары сүріліп, заман талабына сай заманауи, балаларға қауіпсіз алаңқайлар жасалып жатыр. Əрине, бұл үшін əкімге айтар алғысымыз зор. Бірақ, өкінішке қарай, сол алаңқайлардың көп қызығын кішкентай балалар мен олардың ата-аналары емес, иттер мен олардың иелері көріп жатыр. Əдетте үйінде ит асырайтындар серуенге таңғы 8-ден бастап шығады, балалар алаңқайларында қыдырады, тіпті, құм ойнайтын жерлерге тышқызады. Заң бойынша, əрбір ит асыраушы итінің боғы үшін пакет алып жүруі керек. Сол пакетке салып, урнаға салуы керек. Бірақ іс жүзінде заң орындалмайды. Ойын алаңқайларының маңы сасып тұр, құм ойнайтын жерлер де ластанып кеткен. Өткенде бір жігіт көзімізше дəп-дəу итін таразыға ұқсайтын əткеншекке жақындатып, шаптыртып тұр. Итінің тұмсығында тұмылдырық жоқ! Бұл да заң бұзу!

Өткенде Евроньюстің жаңалықтарынан көрсетіп жатыр, иттің нəжісінде, сілекейінде 56 паразит пен бактерияның бары анықталыпты! Зерттеулер адамдардың денсаулығының нашарлауын осымен байланыстырады. Отандық педиатр-инфекционистер дабыл қағуда: балалардың аллергиямен ауырып, əртүрлі дерттерге шалдығуы осы тектес паразит-бактериялардың көбеюіне байланысты екен. Ұрпақтың болашағын ойласақ, қазірден бастап заңның орындалуын қадағалау қажет. Айтпақшы, Тұңғыш Президент паркінің жанынан ағатын Үлкен Алматы өзенінің бойы да лас. Итін серуендетіп жүргендер өзенге шомылдырады. Қалалық əкімдіктен ескі аудандарда рейд жүргізіп, иттерін тұмылдырысыз қыдыртып, балаларға қауіп төндіріп, аулаларды ластап жүргендерге айыппұл төлетіп, оны БАҚ-тардан көрсетуді сұраймыз. Кезінде ремень тақпаймыз деп қанша тыраштансақ та, бəріміз заңға бағындық. Енді мына мəселеде де осындай нəтижелер болмаса, қаламыз ары қарай да ластана береді, балалардың денсаулығы да нашарлай ма деп қорқамыз. Батыс елдерінің өзі итті үйде ұстауды қайта қарап жатыр. Бізге де ойланатын кез келді.


Камшат Тасболат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1250    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.08.2018, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31