Тіл - тас жарады...

Белгісіз біреулер тағдырымызды шешетін жағдайға келдік

  • Белгісіз біреулер тағдырымызды шешетін жағдайға келдік

    Белгісіз біреулер тағдырымызды шешетін жағдайға келдік

Мен деп көкірек қаққан жағымды қылыққа жатпайды. Дегенмен әркімнің мені болуы тиіс. Мендегі мен қандай? Менің менім - иман! Байқаймын, иман таразыға салып, Алла Өзі ретін келтірер деп жүре берсең, тағы болмайтын сияқты... Не істемек керек?! Әрекетке берекет деген... Кімнің әрекеті берекет бермек?!

Осыны қатты ойлаймын, ойлананмын. Бірде, жақын досыма сыр шерттім... Әрбір әрекеттің соңы берекет болса деймін ғой. Әттең! Иә, әттең деуге тура келеді... Ол досым айтады: Уа, Едеке, Сіз ХІХ ғасырда жүрсіз ғой. Қазір ХХІ ғасыр. Сіз күткен үміт орындалмайды. Адал, аңғал қазақтың мінезі бойыңызда бар, бірақ, қазір қаражат сөйлейтін заман... Қолыңызда бар ма, Сіз абыройлысыз. Қолыңызда жоқ па, Сіз, Әл Фараби, Платон, Сократ, Гомер, Аристотель, өзіміздің жылт етіп, көзге көрінгісі, білімді сипатта болғысы келігендердің тілге тиек етіп жүргені Абай деңгейінде болсаңыз да , ешкім Сізге пысқырмайды. Заманың түлкі болса, тазы боп шал деген... Иә, досым, түлкі боп шал дейді... Түлкі болып, шала алмай жүрмін... Қайтіп түлкі боламын?! Жаратқан ием, мені осылай жаратты! Жаратылыстан артыққа кім барған...? біреу даттайды, біреу жақтайды. Кімнің даттайтыны, кімнің жақтайтыны тағы белгісіз... Иә, Сіз жақтарсыз! Үміт берерсіз! Пікір қосарсыз! осы жерде түрлі пікір айтылар, содан менің көңілім жай тауып, бақытты боламын ба?! Бақыт деген не өзі?! Бақыт дегеніңіз дерексіз дүние ғой. Дерексіз дүниенің анықтамасына әркім өзінше өлшем береді... Сонда мен әркімнің өлшеміне жүгінуім керек пе?! қанша адам болса, сонша өлшем бар. Бүгінгі заманда әркім өз өлшемін дұрыс деп ойлайды және сол ойын дәлелдегісі келеді. Дәлелі кейде сәтті, кейде сәтсіз.Бейнелі түрде айтқанда, Домбыра мен менің ойым үйлесе ме? Домбырам не дейді, мен не деймін?

" Екі ішектің бірін тартып, бірін сәл-сәл кем бұра

Нағыз қазақ, қазақ емес!

Нағыз қазақ домбыра! (Қ.М)

Ал домбыра!? Алланың аманаты, бабаның мұрағаты Домбыраның күйін кім саздайды?! Қазақы Сұлулықтың символын Баян, Жібек деп танитын қазақтың ұғымының шатасқан жері осы ма? Бес жүз жылдан асқан тәтті ұғымды ұғынықсыз талқыға түсірген кім? Адам баласы жыл өтіп, уақыт озған сайын дами береді, өрлей береді деп ойлаушыды едім және соған сенетінмін. Бірақ, керісінше, құлдырап кеттік. Биіктегі асылымызды аяққа, ерекшемізді етекке әкелдік. Кеше тұлға деп танығанымызды бүгін аяққа таптадық, асылымызды жерге жастадық... Қайда барамыз?! Қыл аяғы я, журналист екені, я, кәсіпкер екені, я, қаламгер, я, тұлға екені белгісіз біреулер тағдырымызды шешетін жағдайға келдік. Бұл не болды?!


Еділ Анықбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1168    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 12:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30